Мақала ... Бос уақыт
Адам дүниеге ойын-сауық пен көңіл көтеру үшін келмеген. Дүние жұмыс және табыс жері, ахирет үшін егістік орны. Мұнда не ексең ахиретте соны орасың. Бос уақыт – құны жоқ олжа, қолайлы мүмкіндік. Пайдалы іс жасамай уақыт өткізу уақытты өлтіру деген сөз. Дүниеде жасалған әрбір істің, жұтқан әрбір демнің есебі қияметте сұралады.
Хадис шарифте былай делінеді:
«Қиямет күні бүкіл адамдар өмірін және жастығын қайда өткізгендігінен, малын қайдан тауып қайда жұмсағанынан және ілімімен амал етіп етпегенінен сұраққа тартылады». (Тирмизи).
Өмір, ілім, мал-мүлк және дене Аллаһу та’аланың құлдарына берген капиталы. Бұл капиталды Аллаһу та’аланың білдірген жерлеріне жұмсау керек. Уақыт өткеннен кейін өкінудің пайдасы болмайды. Сондықтан жастықтың, мал-мүлктің, денсаулықтың қадірін білу керек, дүниеде ахиретте табысқа жететіндей өмір сүру керек.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенің қадірін біл! Кәріліктен бұрын жастықтың, ауырмастан бұрын саулықтың, жұмыс шықпастан бұрын бос уақыттың, кедейліктен бұрын байлықтың, өлімнен бұрын өмірдің қадірін біл!» (Әбу Нуайм).