Untitled Document

Сұхбат... Жәннаттың жолы дүние арқылы өтеді...

Бүкіл әлемге билік құрғандардың бірі – Сүлейман пайғамбар (алейһиссалам). Ешкімге нәсіп болмаған патшалық оған берілген болатын. Адамдар, жындар, жан-жануарлар, жел, бәрі оның бұйрығында еді. Бір күні бір жерден келе жатқанында адамдар оң жағында, жындар сол жағында ілесіп бара жатқан еді. Күннен қиналмасын деп құстар қанаттарын жайған еді. Осылай кетіп бара жатқанында бір адамға кезігеді. Ол адам:

- Ей, Даудтың ұлы! Аллаһу та'ала саған неткен үлкен патшалық нәсіп етіпті, ешкімге бермегенін саған берді, - дейді.

Сүлейман алейһиссалам оған былай жауап береді:

- Бізге берілген патшалық бір рет «Субханаллаһ» деп айтатындай құнды емес. Өйткені бұл патшалық өткінші. Ал «Субханаллаһ» деп айту қалады. Өткінші, фәни болған нәрсені мәңгі, қалатын нәрсемен салыстыруға келе ме?

Өткінші нәрселерде бақыт пен шаттық іздегеніміз үшін еш бақытты бола алмай жүрміз. Бақыттың кілтін басқа кілтпен ашуға тырысып жатырмыз. Бұл біздің уақытымызды босқа кетіруімен қатар, ешқандай нәтижеге де жеткізбей жатыр. Босқа әуре болып шаршап жүрміз.

Сүріп жатқан шағымызды «Жылдамдық дәуірі», «Ғылым мен технология заманы» деуге болады. Бірақ бұл дәуірді ешкім «Бақытты шақ», «Шаттық заманы» дей алмайды.

Сахабалардың бірі «Йа, Раббым, ниғметті толықтай сұраймын» деп дұға етеді. Мұны естіген сүйікті пайғамбарымыз (алейһиссалам) одан: «Ниғметтің толығы қандай екенін білесің бе?» деп сұрайды. Ол «Жоқ» дегенінде:

«Ниғметтің толығына жәннатқа кіргенде қол жеткізесің. Сол кезде ғана мәңгілік бақытқа жеткен боласың» деп түсіндіреді Аллаһу та'аланың расулы.

Осы ниғметтердің бәріне тек қана осы дүние арқылы қол жеткізу мүмкін...