Ғибратты оқиға... Келін-ене
Бұрынғы заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрмысқа шығып, күйеуі мен енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін келін мен ене арасындағы бітпей кеткен ұрыс-керіс нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелі мен анасының арасында қалған күйеуі үшін тұрмыс шыдамсыз күйге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.
Қария оған шөптерден бір қоспа дайындайды да, оны үш ай бойы күнде аз-аздап енесінің тамағына қосып беруін айтады. Уды аз-аздап берсе, осылайша оны келіннің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Қария келіншекке ешкімнің, әсіресе күйеуінің одан күмәнданбауы үшін енесімен өте жылы қарым-қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін де айтады.
Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Күнде енесіне ең дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәміледе болып, тамағына да аз-аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызындай қарай бастайды. Бұдан былай үйде сыйластық лебі есе бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін істегеніне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, әлгі емшіге қайта барады. Қарияға енесіне берген уды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған қария:
«Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәміледе болған сайын оның да саған деген ызасы құрметке айналды. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар» дейді.
«Гүл берген қолда гүлдің иісі қалады» дегендері осы болса керек.