Орта ғасырдағы Еуропа гигиенасы (2) Олар денесін қалай тазалады?
Толық жуынудың орнына беті мен қолын дымқыл шүберекпен сүртті, іш киімін жиі ауыстыру денені тазалайды деп сенді, иісті басу үшін әтірді көп пайдаланды, шөптен жасалған хош иісті қалташаларды мойнына тағып жүрді.
Кейбір бай адамдар бірнеше қабат киім киіп, сыртқы қабатын ғана ауыстырып отырған.
Жуыну сирек болғандықтан киімнің астында адамдардың денесінде: бит, бүрге, қышыма кенелері, әр түрлі паразиттер өте көп болды.
Бит тек кедейлерде емес, патшалар мен ханшайымдарда да кездескен. Тіпті сарайларда арнайы «бит аулайтын тарақтар» қолданылған.
Орта ғасырдағы ең үлкен қасірет – Қара оба болды. 1347–1353 жылдары Еуропаны адамзат тарихындағы ең жойқын індеттердің бірі шарпыды. Бұл індет тарихта Қара оба деген атпен қалды. Оның қоздырғышы – Yersinia pestis бактериясы. Бактерия адамдарға негізінен егеуқұйрықтарда өмір сүретін бүргелер арқылы жұқты. Зерттеушілердің бағалауынша 25-50 миллион адам көз жұмды. Бұл сол кездегі Еуропа халқының шамамен 30-60 пайызы болатын. Кейбір қалаларда тұрғындардың 70-80 пайызы қайтыс болды.
Оба індетінің негізгі себептері егеуқұйрықтардың өте көп болуынан, бүргелердің адамдарға жұғуы, лас көшелер мен қоқыстың жиналуы, кәріз жүйесінің болмауы, сондай-ақ халықтың тығыз орналасуы еді.
Орта ғасырдағы көптеген қалаларда дәретханалар көшеге ағызылды, мал мен адамдар бір көшеде жүрді, өлген жануарлар бірнеше күн бойы алынбай жататын және қоқыс көшеге тасталды.
Жуыну сирек болғандықтан жағымсыз иісті жасыру үшін адамдар мускус, раушан майы, лаванда және розмарин сияқты хош иістерді пайдаланған.
Франция кейіннен әлемдегі ең әйгілі парфюмерия орталығына айналды. Оның бір себебі – жағымсыз иісті жасыруға деген сұраныстың жоғары болуы.