Сұхбат... Алтын сөздер (2)
● Аллаһу та’ала дүниенің пайдасыз және зиянды нәрселеріне құмар болмағандарды жақсы көреді. Ал адамдар біреудің қолындағыға құмар болмаған және көзін тікпеген кісіні жақсы көреді.
● Бір жердің тыныштығы кетіп, түсініспеушілігі, араздығы бар болса, мұның себебі міндетті түрде біреуі біреуінің қолындағына көз тіккендіктен.
● Кейбір адамдарда жамандық жасау жаратылысында бар. Олардан үнемі жамандық шығады. Ондайлардан жақсылық шыққанын көрсең таңқалу керек.
● Ешкімге жүк болмау керек. Сахабалардың біреуінің қамшысы түсіп кетсе, төменде адамдар болса да ешкімге айтпай түйесінен түсіп өзі алатын.
● Алдын ала шара қолдану, себептерге жүгіну, іс жасамас бұрын ақылдасу нәпсіге қиын келеді.
● Күлімдеп жүру имандықтың белгісі. Қабағын түйіп жүретін мұсылманның имансыз кету қауіпі бар.
● Аллаһу та’аланың бір құлын жақсы көрмейтіндігінің белгісі – оның үнемі пайдасыз нәрселермен әуре болуы.
● Сәттілікке, жетістікке жетудің жолы қарапайым болуда. Қарапайым болғанды Аллаһу та’ала көтереді. Ол қарапайым болған сайын одан да биікке көтеріледі. Аллаһу та’ала тәкаппарланғанды төмендетеді.
● Мұсылманға қабағын түйіп қарау да кісі ақысына жатады. Сонымен қатар ғайбат ету, ренжіту және суизан ету де кісі ақысы.
● Кімде-кім Аллаһтың әмірлеріне мойынсұнбаса, Аллаһты жақсы көремін деп айтуы дұрыс болмайды.
● Діннен бір мәселе үйрету жүз мың умра сауабынан да қадірлі.
● Өлімді көп ойлау өмірді ұзартады, жүректі сергітеді.
● Дұрыстықтың таралуы өрге шыққандай қиын болады. Ал жамандықтың таралуы желдей тез болады.
● Ахиретке пайдасы болмаған барлық нәрсе дүниелік болып есептеледі.
● Исламға қызмет ету үшін үш шарт бар. Күлімдеп жүру, жылы сөйлеу, жомарт және толық ықыласты болу.