Сұхбат... Алтын сөздер (1)
Әулиелер айтқан ұлағатты сөздер:
● Бүкіл әдемілік пен жақсылық Исламның ішінде. Исламның сыртында ешқандай әдімілік жоқ, болуы мүмкін емес.
● Ескі замандарда адамдардың көрінісі нашар, ішкі дүниесі жайнап жүретін. Ал қазір адамдардың көрінісі жайнап, ішкі дүниесі нашарлап кетті. Бүгінгі мұсылманның сыртқы көрінісі де, ішкі дүниесі де жайнап жүруі керек.
● Дүние үшін мұнда қалатыныңдай еңбек ет! Ахирет үшін ол жақта мәңгілік қалатыныңдай еңбек ет!
● Аллаһу та’алаға мұқтаждығың мөлшеріндей шүкір ет! Тозақ отына шыдай алатыныңдай мөлшерде күнә істе!
● Мұсылман – әр күнін соңғы күн, оқыған намазын соңғы намаз, алған демін соңғы дем деп білуі керек және осыған жараса әрекет етуі қажет.
● Хазреті Әбу Бәкір 12 жыл бойы аузына тас салып жүрді, қате немесе кемшілікті сөз айтпау үшін және қажетсіз, бос сөйлемеу үшін.
● Ең қиын іс – шешімге келу (таңдау). Аллаһу та’ала дүние істерінде шешімге келмес бұрын ақылдасуды, шешімге келгеннен кейін артқа қайтпауды әмір еткен.
● Лұқман Хакимнің ұлына көп жылдап айтқан насихаты: «Екі нәрсе бар, бұларды ешқашан есіңнен шығарма! Хақ та’аланы және өлімді. Тағы екі нәрсе бар, бұларды мүлдем есіңе алма! Жасаған жақсылықтарыңды және саған жасалған жамандықтарды».
● Адамдар төрт түрлі болады; 1) Жақсылықты білмейтіндер; Ондайлар шүкір етпейді, шағымданады, үнемі сұрай береді. 2) Ниғметке шүкір етеді. Қиыншылықтарға сабыр етпейді, шағымданады. 3) Ниғметтерге шүкір етеді. Қиыншылықтарға да төзеді. 4) Қиыншылық пен бәлелер ниғметтен де тәтті келеді. Сахабалар осындай еді.
● Адамдарға алғыс, рахмет айтпайтын адам Аллаһу та’алаға да шүкір етпеген болады.