Сұхбат... Ислам ілімдері
Ислам ілімдері «Улуми нақлия» (нақыл ілімдері, дін ілімдері) және «Улуми ақлия» (ақли ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) болып екіге бөлінеді. Улуми нақлия, яғни дін ілімдері де екіге бөлінеді, «Улуми алия» (жоғары ілімдер) және «Улуми ибтидаия» құрал (көмекші) ілімдер. Жоғары ілімдер сегіз:
1) «Тәфсир» ілімі.
2) «Усули кәлам» ілімі. Кәлам ілімінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйрететін ілім. Бұл ілім «Хадиқа» кітабында кеңінен түсіндірілген.
3) «Кәлам» ілімі. Шәһадат кәлимасы және бұған байланысты болған иманның алты негізін үйрететін ілім.
4) «Усули хадис» ілімі. Хадис шәрифтердің түрлерін үйрететін ілім.
5) «Хадис» ілімі. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әф’ал, ақуал және ахуалын үйретеді.
6) «Усули фиқһ» ілімі. Фиқһ ілімдерінің аяти кәрималардан және хадис шәрифтерден қалай шығарылатынын үйретеді. «Мәнар» атты усул кітабы мәшһүр.
7) «Фиқһ» ілімі. Мүкәлләф мұсылмандардың міндеттерін үйретеді. Яғни денемен жасалуы және сақтануы керекті әмірлермен тыйымдарды және мубахтарды үйретеді. Фиқһ ілімі төртке бөлінеді: ғибадат, мунәкәхат, муамәлат және уқубат.
8) «Тасаууф» ілімі. Көңілмен (жүрекпен) жасалуы және сақтануы керек болған нәрселерді және көңілдің, рухтың тазаруының жолдарын үйретеді. Бұған «Ахлақ ілімі» немесе «Ихлас ілімі» деп те айтылады.
Бұл сегіз ілімнен кәлам, фиқһ және ахлақ ілімдерін қажетті мөлшерде үйрену және бала-шағаға үйрету әрбір мұсылманға парыз айн болып табылады. Бұл үш ілімді артығымен және қалған бес жоғары ілімді және пән ілімдерін үйрену парыз кифая. «Бәззазия» кітабында былай делінеді: «Құран кәрімнен біршама сүре жаттағаннан кейін фиқһ үйрену керек. Өйткені Құран кәрімнің барлығын жаттау парыз кифая. Ал қажетті фиқһ ілімдерін үйрену парыз айн». Мұхаммед бин Хасан Шәйбани (рахметуллаһи та’ала алейһ) былай деген: «Әрбір мұсылманның харамдарды, халалдарды білдіретін екі жүз мың фиқһ мәселесін үйренуі керек. Парыздан кейін ғибадаттардың ең құндысы ілім және фиқһ үйрену».