Сұхбат... Жұма күндерінде мына амалдарды жасау да жақсы болады
1) Жұманы бейсенбіден бастап қарсы алу керек. Бейсенбі күні екіндіден кейін истиғфар ету керек. Құран кәрім және «Ясин» сүресін оқу керек. Хадис шәрифте: «Жұма түні «Ясин» сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі» делінген. (Исфәхани).
2) Жұма түні жұбайымен бірге ғұсыл алу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі» деген. (Табарани).
3) Жұма намазына ерте барып, алғашқы саптардан орын алу керек. Намаз оқып жатқан адамның алдынан өтпеген жөн. Имам мінберге шыққанда сөйлемеу керек.
4) Аз болса да, садақа беру керек. Бала-шағаның напақасын мол қылып беру керек.
5) Жұма күні дұғаның қабыл болатын уақытын табу үшін үнемі ғибадат жасау керек.
6) Жұма күні көп салауат айту керек. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Жұма күні 80 салауат айтқан адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі». (Дара Кутни).
7) Ата-ананың және әулиелердің қабірлерін зиярат ету керек. Хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ата-анасының қабірін жұма күндері зиярат еткен адамның күнәлары кешіріледі. Олардың ақылары өтелген болады». (Тирмизи).
8) Жұма күні қуану, кездескен мұсылмандарды жұмамен құттықтау жақсы болады. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Жұма күні құстар және жабайы жануарлар бір-біріне «Ассаламу алейкум, бүгін жұма күні» дейді». (Дәйләми).
9) Жұма күндері және әр күні мына (истиғфар) дұғасын көп оқу керек:
«Аллаһуммағфир ли уә ли абаи уә уммәһати уә ли әбнаи уә бәнати уә ли ихуати уә әхауати уә ли амами уә аммати уә ли ахуали уә халати уә ли зәужати уә әбәуәйха уә ли әсатизәти уә лил мү'минина уәл мү'минат уәл хаиду лиллаһи Раббил аләмин!».
Әйел оқыса, «зәужати» орнына «зәужи» және «әбәуәйха» орнына «әбәуәйхи» деп оқуы керек.
10) Екіндіден кейін жайнамаздың үстінде қолдан келгенше «Йа Аллаһ, йа Рахман, йа Рахим, йа Қауи, йа Қадир» деп оқып, кейін дұға ету керек.