Сұхбат... Әсма-и Хүснә (2)
- Жолға шыққанда амандықта болу үшін: Әл-Халим есімін оқыған адам теңізде болса тұншығудан, көлікте болса апатқа ұшыраудан құтылады.
- Шипа табу үшін: ауырған адам Әл-Хайй есімін бір ыдысқа жазып оған су құйып үш күн ішсе Аллаһу та’аланың рұқсатымен шипа табады.
- Қиыншылықтардан құтылу үшін: Әл-Қабид есімін айтқан адам қиыншылықтардан құтылады.
- Бәледен қорғану үшін: Әл-Мани есімін айтқан адам өзіне келетін бәледен қорғанған болады.
- Ренішті кетіру үшін: Күнде түскі уақытта Әл-Мәлик есімін 100 рет айтқан адамның реніші кетеді.
- Оңай тәубе ету үшін: Әл-Муаххир есімін айтқанның тәубе етуі оңай болады.
- Хәлі түзелуі үшін: Әл-Мутә’ал есімін айтқан адамның хәлі түзеледі, дәрежесі көтеріледі.
- Қайырлы ризық үшін: Әл-Мутакаббир есімін айтып жүрген адам қайырлы, берекелі ризықтарға қауышады.
- Ғафлеттен құтылу үшін: Кімде-кім намаздан кейін 100 рет Әр-Рахман есімін айтса, Аллаһу та’ала оның көңілінен ғафлетті шығарады.
- Бәле-жаладан құтылу үшін: Күн шыққаннан кейін 100 рет Әс-Сабур есімін айтқан адам бәле-жаладан құтылады.
- Шипа табу үшін: Ажалы келмеген ауруға қиыншылығы және ауруы үшін 121 рет Әс-Салам есімі оқылса, Аллаһтың рұқсатымен ол адам шипа табады.
- Мұратқа жету үшін: Духа намазынан кейін 500 рет Әс-Сәми есімін оқыған адамның дұғасы қабыл болады және Аллаһу та’аланың рұқсатымен мұратына жетеді.
- Ерлі-зайыптылардың махаббаты үшін: Әл-Уәдуд есімін айтқан ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген махаббаты артады.