Сұхбат... Әсма-и Хүснә (1)
Юсуф Набхани хазрет Әсма-и Хүснәні айтудың пайдаларын былай деп білдірген:
- Аурудың шипа табуы үшін: Жұма күні намаздан бұрын дәретті күйде 200 рет, «Йа Аллаһу Әл-махмуду фи фиалиһи» десе Аллаһу та’ала оның ауруына шипа береді.
- Қайғы-қасіреттен құтылу үшін: Әл-Азыйм есімін айтқан адам қайғы-қасіреттен құтылады.
- Мұқтаж болмау үшін: Кімде-кім 40 күн, күніне 40 реттен Әл-Азиз есімін айтса Аллаһу та’ала оған көмектеседі және оны үстем етеді. Жаратылыстардың ешбіріне мұқтаж қалмайды.
- Зияннан құтылу үшін: Әл-Бақи есімін 1000 рет айтқан адам зияннан және қасіреттен қорғанған болады.
- Бәле-жаладан құтылу үшін: 7 күн арасын үзбей 100 рет Әл-Бари есімін айтқан адам бәле-жаладан амандықта болады.
- Мол ризық үшін: Кімде-кім қолдарын ашып Әл-Басит есімін айтса, күнкөрісі кеңейеді, мол ризыққа кенеледі.
- Апаттардан құтылу үшін: Әл-Бәди есімін жетпіс мың рет айтқан адам өзіне келетін апаттардан, қиыншылықтардан құтылады.
- Кешірімге қауышу үшін: Жұма намазынан кейін 100 рет Әл-Ғаффар есімін айтқан адам Аллаһу та’аланың кешіріміне қауышады.
- Өлімнің оңай (жеңіл) болуы үшін: Әл-Ғафур есімін айтқан адамның соңғы демінде тәухид калимасын айтуы және өлімі оңай болады.
- Бәле-жаладан қорғану үшін: Ауру немесе бір қиыншылық келгенде Әл-Ғаний есімін оқығанда Аллаһу та’ала амандық береді және бәледен қорғайды.
(жалғасы ертең)