Untitled Document

Тарих ... Сәлжүк мемлекеті (1)

    Түрік-Ислам мемлекеттерінің ең үлкендерінің бірі. Оғыздардың Үшоқ тармағының қынық тайпасына жатады. Х ғ соңы мен ХІ ғ. басында Исламды қабылдады. Шығыста Қытайдан бастыста Анадолуға дейінгі, Солтүстік батыс Африкадан Ресей аймақтарына дейінгі жерлерді иемденді.

    Негізін қалаған Сәлжүк. 985 жылдары Оғыз Ябғу мемлекетінен бөлініп Сейхун (Сырдария) өзенінің бойындағы Жент қаласына қоныстанады. Мұнда Ислам дінін қабылдап хараж (салық) алуға келген Ябғудың қызметкерлерін қуып тәуелсіздігін жариялайды. 

    Жаңа құрылған мемлекет қысқа уақыт ішінде сол өңірдегі бүкіл мұсылман жерлерін иемденеді. 1055 ж. Сұлтан Тұғрұл, Бувәйхилердің басқыншылығына ұшыраған халифалық орталығы Бағдат қаласына кіреді. Бувәйхилерді талқандап Аббаси халифалығын бұрынғы қалпына келтірді. Бұл әрекетімен халифаның, ғалымдардың және бүкіл сүнни мұсылмандардың алғысы мен ілтипатына бөленеді. Шиит Фатими жорықтарының да бетін қайтарады. Халифалыққа және Бағдат қаласына жасаған қызметтері үшін оған Халифа «Дүние жүзінің қағаны» деген атақ берді. Сұлтан Алпарсланның дәуірінде батысқа қарай жорықтар басталды. Кавказ жерлеріндегі кішкентай патшалықтарды бағындырды. 1064 ж. Шығыс Анадолудағы мәшһүр Ани қорғанын жаулап Қарс қаласына кірді. Ани христиан әлемінің киелі жерлерінің бірі еді. Бұл жеңістер Ислам әлемінінің қуанышына айналды. Бұған орай халифа Алпарсланға «Әбулфәтх» – жеңістердің бабасы деген атақ берді. Алпарслан мұнымен тоқтамай бүкіл Анадолыны жаулауды көздеді. Сәлжүк әскерлерінің шабуылына төтеп бере алмаған Византия қорғандары мен гарнизондары түріктердің қолына өтті. Түрік жорықтары Мәрмәр теңізінің жағалауына, Стамбұл бұғазына дейін жетті. Анадолының түріктеніп исламдануы үшін барлық шаралар жасалды. Сұлтан Мәликшахтың дәуірінде бүкіл Иран, Арабстан, Сирия, Палестина жерлері Сәлжүктердің билігіне өтті. Византияның түріктерге қарсы жасақтаған «ажалсыз әскерлер» деп аталатын күштерін тас-талқан етті. 100 000 астам түріктерді Орталық Азиядан көшіріп алып кетіп, Анадолу жерлеріне қоныстандырды.

   

                                                                                                            (жалғасы ертең)