Тарих... 100 жыл бұрынғы дүние
Дүние жүзінде 1894 ж. 1 миллиард 450 миллион адам өмір сүріп жатқан еді және тәуелсіз мемлекеттер саны 52 еді. Бұлардың 11-і ірі (Осман империясы, Англия, Германия, Франция, Орыс патшалығы, АҚШ, Австрия-Венгрия, Жапония, Қытай, Италия және Испания) мемлекет мәртебесінде болған. Африка және Американың жергілікті халқы Еуропаның колониясы еді.
Тәуелсіз төрт мұсылман мемлекеттерінің (Осман, Иран, Ауғаныстан, Марокко) ең үлкені Сұлтан ІІ Абдулхамит ханның билігіндегі 55 миллиондық халқымен 9 миллион км2 жерге ие Осман мемлекеті болған.
100 жыл бұрынғы дүние қазіргі заманнан мүлдем басқа еді. Бүкіл дүниежүзінде либералды экономика қолданылды. Буды машиналарда қолдану арқылы ауыр өнеркәсіптер пайда болды. Негізгі энергия көзі көмір еді. Мұнай енді енді өзін көрсете бастаған кез. Электр тогы білініп бірақ өнеркәсіптерде және жарықтандыруда әлі қолданысқа енбеген.
Еуропаның үлкен қалалары және Стамбұл, Салоник, Измир сияқты үлкен шахарлары ауа газымен жарықтандырылуда еді. Транспорт ретінде ат арба, желкенді қайықтардың орнын поезд және пароходтар басқан. Хабарласу құралы ретінде телеграфтың материктерге кең тараған кезі. Фотография өркендеп, киноматография енді шығу қарсаңында.
Суасты қайық Осман мемелекетінде де бар. Ұшақ, танк және улы газдар әлі шықпаған. Бүкіл ақшалар алтынмен өлшенеді. Музыка, әдебиет, өлең, театр, көркем өнерлерінің өркендеуі және әлеуметтік ілімдердің алтын дәуірі болды.