Дерек... ІІ Абдулхамит ханның еңбектері (2)
* Алғаш метроны жасатты, атты және электрлі трамвайлар жүргізді.
* Археологиялық музей ашты.
٭ Алғаш құтыру ауруын емдейтін «Стамбұл дар-ул кәлб» емханасын ашты.
٭ Әйелдерге әскерлер үшін киім тіктірді, жаралы әскерлер үшін тікелей өз қолымен балдақтар жасады.
٭ Мидилли аралын жұбайы Фатима ханымның ақшасымен француздардан кері сатып алды.
٭ «Йылдыз Чини», «Бейкоз» және «Кагытхане» фабрикаларын құрды.
٭ Балаларды жалпылық сүннетке отырғызып әрбір балаға жарты алтын жіберді.
٭ Табысының бір бөлігін әр жылы қарызданып қамауға алынған адамдардың құтылуына жұмсайтын.
٭ Жыл сайын 30 000 құты сатып алып гүл ектіретін.
٭ Измир портына рұқсатсыз кірмек болған АҚШ-тық соғыс кемесіне оқ жаудырды.
٭ Өзі жасаған қол-өнер бұйымдарын ғазилерге (ардагерлерге) сыйға берді.
٭ Өзіне қастандық ұйымдастырған армян кісіні кешіріп, Еуропаға тыңшылық қызмет атқару үшін жіберді.
٭ Кейіннен Чанаккале соғысында қолданылған зеңбіректерді жасатты.
٭ Тек Анадолының өзінде 14 000 мешіт және мектеп ашты.
٭ Телефонды Еуропамен бір тұста қолдана бастады.
* Пайғамбарымызды, дінімізді немесе Осман империясын масқаралап шығарылған ойындарды Франция, Англия, Рим және АҚШ-та тоқтатты.