Untitled Document

Денсаулық... Жаздың аптап ыстығында...

Ыстықтан қажымай, өзіңді жақсы сезінуге көмектесетін пайдалы кеңестер тізімі:

1. Суды көп ішу.

Кемінде 2-3 литр су ішкен жөн. Қантсыз су, минералды су, лимон қосылған су жақсы көмектеседі. Шай, кофе денені сусыздандырады, оларды азайтқан жөн.

2. Ашық күнге шықпау.

Түскі 12:00-17:00 аралығында көлеңкеде болуға тырыс. Міндетті түрде бас киім, күннен қорғайтын көзілдірік, SPF крем қолдан.

3. Киім жеңіл, кең, ашық түсті болсын.

Синтетика емес, мақта, зығыр (лен) мата таңдаған жөн. Денені қыспайтын, ауа өткізетін киім киген жақсы.

4. SPF-крем қолдану.

Күн сәулесі теріге зиянды ультракүлгін сәулелер бөледі. SPF 30 немесе одан жоғары күннен қорғайтын крем қолдану тері обырынан сақтайды.

5. Жеңіл тамақ жеу.

Қарбыз, қауын, қияр, қызанақ секілді су мөлшері көп көкөністер мен жемістер жақсы. Майлы, ауыр тағамдар ыстықта ағзаны әлсіретеді.

6. Денені тынықтыру.

Көп қозғалыс, дене еңбегі денені қыздырып, жүрекке салмақ түсіреді. Ыстықта суға шомылу, салқын душ қабылдау – жақсы әдіс.

7. Газды сусындардан аулақ болу.

Олар денені сусыздандырып, қысымды көтеріп, ыстықты күшейтеді.