Мәлімет... Баланың жазғы демалысын тиімді өткізу
1) Уақытты тиімді әрі үнемді пайдалану үшін ең алдымен бәрін ретімен жоспарлап алыңыз.
2) Мейілінше баланы теледидар мен компьютерді шексіз пайдалануына жол бермеу қажет.
3) Кітаптар оқуға баулып көріңіз. Қызығына бір түссе, күзге дейін талай кітаптарды оқып шығуы және әрімен қарай кітап оқуды тұрақты түрде жақсы әдетке айналдырары ғажап емес.
4) Ескеретін тағы бір жайт, қазіргі уақытта қалалық, аудандық, ауылдық мешіттерде жасөспірім балаларға діни сауат ашу курстары жүргізіледі. Ол кәдімгі жазғы лагерь есебінде ұйымдастырылады. Алдын-ала жазылып сол курстарға берсеңіз, балаңыз ата-ананы сыйлауды, әдепті болуды, өтірік айтпауды, адал болуды үйренеді. Құран оқуды, қарапайым ислам, иман шарттарын білетін болады.
5) Аптасына бір-екі рет баратын тілдік курстарға беру де артықтық етпейді.
6) Сонымен қатар, өзіне ұнайтын хоббиімен айналысуына мүмкіндік беріңіз.
7) Сенбі-жексенбі күндері отбасымен бірге саябақтарға, табиғат аясына барып тұруға тырысу керек.
8) Бала күн санап өседі, сондықтан, күн сайын пайдалы білім беруге тырысыңыз. Баланы бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттап, үйретіңіз.
9) Егер бала күн сайын ересектердің қадағалауынсыз үйде жалғыз қалатын болса, онымен ертеңгі күннің жоспарын жасап, немен айналысатынын талқылаңыздар.
10) Дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалғаны абзал.
11) Балаңыз таңғы ас, түскі ас, кешкі асты өз уақытымен ішуін, уақытылы ұйықтап, оянуына мән беріңіз.
12) Оқу жылында игере алмай қалған сабақтарын қайталап оқып, меңгеріп алуына көмектесіңіз.
13) Келесі жылғы оқу жылына қамданып қойсаңыздар да артықтық етпейді.
14) Балаңызбен бір мәселені талқылап, үлкендер сияқты ақылдасып, көңіл бөліңіз.