Сұхбат... Намаздан кейінгі дұға және тәсбих
Сұрақ: Намаз біткеннен кейін не айтылады?
Жауап: Намазын жалғыз немесе имаммен оқыған адам екі жаққа сәлем бергеннен кейін «Аллаһуммә әнтәс-сәләм уа минкәс-сәләм, тәбарактә иә зәл-жәләли уәл-икрам» деп айтады.
Кейін 3 рет «Әстағфируллаhәл азыйм әлләзи лә илаhә илләhу әлхәййул-қаййумә уә әтубу иләйh» деп айтады. Бұған истиғфар дұғасы делінеді.
Одан кейін Аят-әл-курси оқылады және артынан 33 рет «Субханаллаh», 33 рет «Әлхамдулилләh», 33 рет «Аллаhу әкбәр», және 1 рет «Лә илаhә иллаллаһу уахдәhу лә шәрикә ләh ләhул-мулку уә ләhул-хамду уә hуә алә кулли шәйин қадир» деп айтылады. Бұлардың арасына басқа дұғаларды араластыру – бидғат.
Кейін қолдар жайылып дұға етіледі. Дұғадан кейін әмин деп қолдармен бет сипалады. Хадис шәрифте: «Бес уақыт парыз намаздарынан кейін жасалған дұға қабыл болады» делінген. Дұғаны сергек, ояу көңілмен дауыссыз оқу керек. Дұғаны тек намаздардан кейін ғана немесе белгілі бір уақыттарда ғана жасау және белгілі бір нәрселерді жаттап алып, тақпақ оқығандай судыратып, не оқып жатқанын білмей дұға ету мәкрух болып табылады.
Сұрақ: Дұғадан кейін қай сүрелер мен зікірлер оқылады?
Жауап: 11 рет Ихлас шәриф, 1 реттен Қул аузу сүрелері оқылады және 67 рет әстағфируллah айтылып жетпіске толықтырылады. Он рет «субханаллаhи уә бихамдиhи субханаллаhил азыйм» деп айтылады. Соңында «Субхана Раббикә» аяты оқылады.