Тарих ... Нөл санын кім тапты?
Барселонада Диаконен Лупитус атты кісі арабшадан алынған аудармаларды оқу арқылы планета және жұлдыздарды көре алатын құралды қолдана алған және 984 жылы Пирене тауларының артқы етегіндегі діндестерінің діни жұмыстарын жеңілдету үшін мұсылмандардың білімін оқуға шақырған. Лупитус діндестеріне былай деген: «Ғибадат уақыттарын білу, пасха мейрамының уақытын жобалап табу және дүниенің қашан жойылатынының белгілерін көргілерің келсе, мұсылмандардың планеталарды бақылайтын құралдарын қолдануға мәжбүрсіңдер. Біз планеталарды табатын құралдан басқа да нақты есептерде қолайлы көмекші құралдарды еуропалық мұсылмандардан алдық. Сандарды да олардан алдық».
Нөл санының математикаға өте үлкен қызметі болды. Ондық жүйе де еуропаға мұсылмандардан өткен. Бұл жүйенің табылуынан 100 жылдан кейін Мұхаммед бин Мұса әл-Харезми «Алгорисмос» атты туындысында бұл жүйенің қолдану алаңын кеңейтті.
Ол Алгебра және Алгоритм секілді математиканың бөлімдерінің бабасы болуға барлық жағынан лайықты еді. Бұл бөлімдегі алғашқы сөз Алгебра арабшадағы «әл-жәбир» сөзінен, ал екіншісі Алгоритм «әл-харезми» сөзінен шыққан. Орта дәуір математикасындағы ең үлкен жаңалық нөл санының қолданылуы болған. Ол уақытқа дейінгі қолданылған латын сандарында нөл болмағандықтан математикалық есептер өте қиын шешілетін еді. Ондық санақ жүйесінің мұсылмандардан алынуымен Еуропа бір данышпандарының сөзімен айтқанда: «Бүкіл сандардың жауыздығынан құтылды».