Untitled Document

Денсаулық ... Денсаулық зор байлық

♦ Күніңізді бір стакан су ішумен бастап, кешке дейін 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз!

♦ Жеміс-жидек, көкөністерді өз маусымдарында кемінде бірнеше рет жеп тұру керек!

♦ Бала үшін сүт, үлкендер үшін айран дастарханыңыздан кемімесін!

♦ Ауырмай тұрып шипалы өсімдіктермен иммунитетіңізді көтеріңіз!

♦ Жалбыз (мята), жөке, шалфей, жебір шөп, итмұрын, райхан, зімбір, ладан, көк шай, пияз және сарымсақ үйде әрқашан болсын!

♦ Салатты мүмкін болғанша көп түрлі қоспалардан жасаңыз!

♦ Дайын сорпаның орнына өзіңіз дайындаған сорпаны таңдаңыз!

♦ Өзіңіз жапқан қызанақ соустарын қолданыңыз!

♦ Маусымынан тыс кезде жемістер мен көкөністерді көп жемеген жөн!

♦ Аптасына ең аз 2 рет бұршақ тұқымдас (горох, ноқат, фасоль, маш) өнімдерін және балық жеп тұруға тырысыңыз!

♦ Ыстық тағамдар үшін қыштан, шыныдан және болаттан жасалған ыдыстарды қолданыңыз!

♦ Қыста апельсин, мандарин, лимон, грейпфрут жеп тұруды көбейтіңіз!

♦ Ақыл-оймен істейтін жұмыста жиі-жиі мейіз жеп тұрған жақсы!

♦ Азанғы уақытта 20 минут терең тыныс алып тұруға тырысыңыз!

♦ Азанғы уақытта бөлмеңізді немесе жұмыс орныңызды желдетіп тұрыңыз!

♦ Күніне 30 минут жаяу жүріңіз!

♦ Темекі және спирттік ішімдіктен ұзақ болыңыз!

♦ Мүмкіндігінше топырақта жалаң аяқ жүріп тұрыңыз!

♦ Денеңізді қатты тоңдырып алмауға тырысыңыз!

♦ Таңертеңгілік аста әрдайым бал болуына мән беріңіз!

♦ Зәйтун майын жиі қолданыңыз!