Untitled Document

Әңгіме... Ұшқыш пен жоғалып кеткен уақыт

1972 жылы Венесуэлада бір ерекше оқиға тіркелген. Жергілікті әуежай диспетчерлері радардан күтпеген сигнал байқайды. Экранда белгісіз ұшақ пайда болады. Ешқандай жоспарланған рейстер тізімінде жоқ.

Бірнеше минуттан кейін диспетчерлермен байланыс орнатылады. Ұшқыш өзін анық таныстырады, бірақ айтқан сөзі бәрін таңғалдырады:

– Бұл «Pan American Airways» рейсі 914. Нью-Йорктен Майамиге ұшып бара жатырмыз. Бағытымыз дұрыс па?

Диспетчерлер аң-таң. Себебі Pan American 914 рейсі ресми түрде 1955 жылы жоғалып кеткен. Ұшақ радардан ғайып болып, ешқашан табылмаған.

Олар ұшқышқа оның қай жыл екенін сұрайды.

– 1955 жыл. 2 шілде, – деп жауап береді ұшқыш.

Диспетчерлер бірден түсінеді, мұнда бірдеңе дұрыс емес. Олар ұшқышқа қазіргі жылды айтады:

– Сіз 1972 жылдасыз.

Бірнеше секунд үнсіздік болады. Кейін ұшқыштың дауысы өзгереді – түсінбеген, қорыққан үн.

– Бұл мүмкін емес…

Диспетчерлер ұшақты қондыруға шешім қабылдайды. Ұшақ әуежайға сәтті қонады. Қызметкерлер ұшаққа жақындайды. Бірақ дәл сол сәтте күтпеген жағдай болады.

Ұшқыш кабинадан қолын шығарып, белгі береді: «Жақындамаңдар!»

Сосын ұшақ қайта қозғалып, ұшу жолағынан көтеріледі және радардан жоғалып кетеді. Сол күйі ешқашан табылмайды.

Бұл оқиға кейін көптеген талқылауларға себеп болды. Біреулер оны аңыз десе, енді біреулер уақыттағы ақау деп түсіндірді.

Ал ресми түрде бұл оқиға толық дәлелденбеген, бірақ авиация тарихындағы ең жұмбақ әңгімелердің бірі ретінде қалды.