Untitled Document

Әңгіме... Жоғалған адам мен табылған қала

1978 жылы Жапонияда бір ерекше оқиға болған. Токио қаласында бір ер адам, Хироси есімді қызметкер кешкісін жұмыстан кейін пойызға отырып, үйіне қайтпақ болады. Ол күнде сол маршрутпен жүретін, бәрі қалыпты сияқты еді. Бірақ сол күні пойызда отырып, қатты ұйықтап кетеді.

Көзін ашқанда пойыз соңғы станцияға жетіп қойған болады. Бірақ бұл оның бағыты емес еді. Ол мүлде басқа аймаққа кетіп қалған. Телефоны жоқ заман. Ақшасы аз. Қайда екенін толық түсінбейді.

Ол вокзалдан шығып, адамдардан сұрай бастайды. Бірақ бір қызығы, ол тұрған жердегі адамдар оның айтқан мекен-жайын мүлде танымайды. Тіпті кейбіреуі ондай көше атауы жоқ дейді.

Хироси картаға қарайды, бірақ картада да оның үйі орналасқан аудан табылмайды.

Алғашында ол шаршағаннан шатастым деп ойлайды. Бірақ бірнеше сағат өткен соң, бір түрлі нәрсе анық болады, ол өзі жақсы білетін қаланың ішінде жүрмін деп ойлайды, бірақ қала оған бөтен сияқты.

Көшелердің атауы ұқсас, бірақ дәл емес. Дүкендер бар, бірақ таныс емес. Адамдар да сәл өзгеше.

Түн болған соң ол вокзалға қайтып келіп, сол жерде түнеуге мәжбүр болады.

Таңертең қайтадан жол сұрай бастайды. Бұл жолы бір полиция қызметкері оны тыңдап, құжаттарын тексереді. Қызығы, оның жеке куәлігіндегі мекенжай расында бар, бірақ ол көрсеткен аймақта емес, мүлде басқа префектурада тіркелген болып шығады.

Соңында полиция оны дұрыс бағыттағы пойызға отырғызып жібереді. Бірнеше сағаттан кейін ол өз үйіне аман жетеді.

Бірақ ең қызығы кейін басталады.

Ол сол жоғалған жерін қайта табуға тырысады. Бірнеше рет сол бағытқа барады. Бірақ дәл сол станцияны, дәл сол көшелерді енді ешқашан таба алмайды.

Кейін бұл оқиға Жапонияда көп талқыланып, кейбіреулер оны жай шаршаудан болған шатасу десе, енді біреулер «параллель қалаға түсіп кеткен» деген қызық теориялар айтқан.

Хиросидің өзі болса, өмір бойы бір нәрсені айтып өткен: «Мен адасып кеткен жоқпын. Бір сәтке басқа жерге түсіп қалғандай болдым».