Сұхбат... Мисуактың маңызы
Сұрақ: Мисуактың маңызы қандай? Мисуак қолданған кезде нендей нәрсеге мән беру керек?
Жауап: Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы болған мисуак – ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш болып табылады. Тістің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану өте пайдалы. «Larousse illustre Medical» атты медициналық кітапта: «Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тістке зиянды келеді. Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тістерді қанатса да қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын боладыә деп жазылған.
Тіс пасталары ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микробтарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микробтарды өлтіреді. Мисуак дәреттің сүннеті, Шафииде намаздың сүннеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Мисуак қолданып оқылған намаз мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық». (И. Нәжжар).
«Жәбрейіл алейһиссаламның мисуак қолдану туралы көп айтқаны соншалық, парыз бола ма деп қорықтым». (И. Мажә).
«Егер үмбетіме қиындық бермейтінін білсем, әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім». (Бұхари, Мүслим).
«Түнгі намаз үшін тұрған кезде тістеріңді мисуакпен тазалаңдар! Өйткені бір періште намазда Құран оқығанның аузына жақындап тыңдайды». (Дәйләми).
«Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар». (Әбу Нуайм).
«Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұяттылық, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс». (Табарани).
«Мисуак еркектің сөйлеу әдемілігін арттырады». (И.Адий, Хатиб).
«Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тісті ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады». (Әбу Нуайм).