Untitled Document

Денсаулық... Жақсылық жасау жүрекке жақсы әсер етеді

      Канадада жасалған зерттеу нәтижесінде жақсылық жасаудың жүрекке жақсы әсер ететіні мәлімденді. Британ-Колумбия университеті тарапынан жасалған зерттеуде жақсы амалдар істеу жастардың жүрегіне және денсаулығына жақсы әсер ететіні анықталды. Зерттеуге үлес қосқандардан Ханна Шрайер адамдарға мейірімділік етудің, жәрдемші болудың жүрекке және денсаулыққа жақсы әсер ететінін білдірді. Жасалған зерттеу сонымен қатар стресс, депрессия, тыныштық сияқты психикалық-әлеуметтік факторлардың жүрек-тамыр ауруларын азайтатынын және АҚШ-тағы өлім деңгейінде бұл факторлардың маңызды рөл атқаратындығын мәлімдеді. Зерттеу Ванкувер қаласында 106 оқушыға жасалды. Қан қысымдары, дене салмағының индексі және жүрек соғу ритмі өлшенген оқушылардың 53-і аптасына 1 сағат өзінің өмір сүретін аймақтағы бастауыш сыныптағы оқушыларға еш қайтарымын күтпей көмектесті. Ал қалған 53 оқушы программаға қатысқан жоқ. Оныншы аптаның соңында жасалған зерттеуде бірінші топтағы 53 оқушының жүрек соғу ритмінің жақсарғаны, холестерин және денедегі май деңгейінің төмендегені анықталды. Жасалған зерттеу Америка медициналық ассоцияция журналында басылып шықты.