Сұхбат... Күнде орындалатын 10 парыз
Таң атқаннан күн батқанға дейін осы он нәрсені орындау адам баласының мойнына парыз:
* Ұйқыдан тұрғанда Аллаһу та’аланы еске алу және Оған хамд және шүкір ету. «Тур» сүресінде: «Ұйқыдан оянған кезіңде де Раббыңа хамд пен тәсбих және тәнзих ет!» - делінген.
* Әурет жерлерді жабу.
* Жүніп болса ғұсыл алу. Намаз үшін дәрет алу.
* Аллаһқа тәуәккүл ету.
* Намаз уақыты кіргенде намазын толық етіп оқу. «Ниса» сүресінде былай делінген: «Намаздарыңды толық және дұрыс оқыңдар! Өйткені намаз мүминдер үшін уақыттары белгіленіп парыз етілген».
* Ризық мәселесінде Аллаһқа сену. «Худ» сүресінде: «Жерде жүрген жандылардың ешбірін тыс қалдырмай бәрінің ризығын Аллаһ жібереді» делінген.
* Аллаһу та'аланың бергендеріне разы болу және қанағат ету.
* Аллаһу та'аланың әмірлеріне және үкіміне сабырлық және разылық таныту.
* Аллаһу та'аланың берген ниғметтеріне шүкір ету.
* Халал табыс тауып, халалдан ішіп-жеу. «А’раф» сүресінде былай делінген: «Сендерге ризық етіп жібергендеріміздің ең тазасын және ең жақсысын алып жеңдер».
Сұхбат...
Мұсылманның үш қасиеті
Хазреті Муаз бин Яхия былай деген: «Мұсылманда мына үш қасиет бар болса, ол жақсы деп саналады:
- Мұсылман бауырына пайдасы болмаса да зиянын тигізбеу.
- Оның қуанышына ортақ бола алмаса да, оған қайғы әкелмеу.
Оны мақтамаса және жақсылықтарын айтпаса да оны жамандамау.