Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһтың хазіреті Әлиге берген өсиеті (2)

Тәубе етушілерде 3 белгі бар: Харамдардан, күнәдан сақтанады. Ілім үйренуде ынталы болады. Күнәға қайта кері қайтпайды.

Ақылдыларда 3 белгі болады: Дүние малына байланбайды. Қиыншылықтарға төзеді. Тапшылықта сабыр етеді.

Ақымақтардың 3 белгісі бар: Аллаһу та’аланың парыздарына жалқаулық етеді. Мағынасыз, қисыны жоқ сөздерді көп айтады. Махлұқтарға қорлық көрсетеді.

Бағы барлардың 3 белгісі бар: Халалдан жейді. Ілім үйрену жиындарына қатысады. Бес уақыт намазын жамағатпен орындайды.

Жаман амалдылардың 3 белгісі болады: Аллаһтың әмірлерін орындауда жалқаулық танытады. Айналасындағылардың бәріне зияны тиеді. Өзіне жақсылық жасағандарға жамандықпен жауап береді.

Күнәһарлардың 3 белгісі бар: Көп жаңылысады және қате жібереді. Ойын, би және музыкамен, әуенмен уақытын өткізеді. Ұмытшақ болады.

Опасыздың 3 белгісі бар: Туған-туысқандарын жазғырады. Көршісіне қорлық көрсетеді. Күнә істеуді жақсы көреді.

Аллаһу та’ала бетін қайтарғандардың 3 белгісі болады: Өтірікті көп айтады. Жалған сөзде көп ант ішеді. Халыққа қиыншылық көрсетеді.

Достың 3 белгісі бар: Мал-мүлкін саған құрбан етеді. Нәпсін саған құрбан етеді. Сенің сырыңды жасырып жүреді.

Кәпірдің де 3 белгісі бар: Дінінде күмәнданады. Аллаһу та’аланың достарын өзіне дұшпан көреді. Раббына мойынсұнбайды және ғибадат етпейді.