Сұхбат... Расулуллаһтың хазіреті Әлиге берген өсиеті (1)
Расулуллаһ алейһиссалам бір күні хазреті Әлиді алдына шақырып мынадай насихат айтты:
«Йа, Әли! Сенің маған жақындығың Харун алейһиссаламның Мұса алейһиссаламға болған жақындығындай. Бірақ менен кейін пайғамбар келмейді. Саған өсиет етемін. Тыңдап есіңе сақтасаң, шүкір етушілерден боласың және шәйіт боласың. Аллаһу та’ала сені қиямет күні фақих және ғалым етіп тірілтеді.
Жадыңа сақта, мүминнің 3 белгісі болады: Намаз оқу, ораза тұту және садақа беру.
Рияшының 3 белгісі бар: Адамдардың жанында намазының руку және сәжделерін толық орындайды, ешкім көрмеген жерде ешбір рүкінін дұрыстап орындамайды. Мақтаған кезде сүйсіне ғибадат етеді. Адамдардың арасында Аллаһу та’аланы көп зікір етеді.
Залымның 3 белгісі бар: Өзінен төмен тұрғандарға қысым көрсетеді. Күші жеткенше халықтың малын, мүлкін қинап тартып алады. Ішіп-жеуінен, киінуінен еш нәрсе аямайды.
Сараңдарда 3 белгі болады: Жанында болған адамның бетіне жағымпазданады. Алыстағанда артынан ғайбат етеді. Өзгенің басына қиыншылық түссе қуанады.
Мұнафықта (екі жүзділерде) 3 белгі бар: Өтірік айтып, жалған сөйлейді. Сөзінде тұрмайды. Аманатқа қиянат жасайды.
Жалқауларда 3 белгі болады: Аллаһу та’аланың әмірлерін орындауға ерінеді. Нұқсан, кемшілікпен амал етіп, амалы босқа кетеді. Намазын кейінге қалдырады. Тіпті уақытын өткізіп те жібереді.