Untitled Document

Сұхбат... Жұма күні және түні не оқу керек?

Сұрақ: Жұма күнінде және түнінде не оқыған жақсы болады?

Жауап: Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жұма түні Кәһф сүресін оқыған адам қияметте жерден көкке дейін бір нұрмен жарқырайды. Екі жұма арасында істеген күнәлары кешіріледі». (Тәрғиб).

«Жұма күні 80 салауат оқыған адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі». (Дара Кутни).

«Жұма күні немесе түні Духан сүресін оқыған адамға жәннатта бір зәулім сарай сыйға беріледі». (Табарани).

«Жұма түні Ясин сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі». (Исфәхани).

«Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі». (Табарани).

«Жұма күні таң намазынан бұрын «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ» деп оқыған адамның күнәлары теңіз көбігіндей болса да, кешіріледі». (Ибн Сүнни).

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас және Фәлақ пен Нас сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та'ала бір апта бәле-жаладан, қауіп-қатерден, жаман істерден қорғайды». (И.Сүнни).

Жұма намазы

Аллаһу та’ала жұма күнiн мұсылмандарға тән қылған. Жұма күнi түс уақытында «Жұма» намазын оқу Аллаһу та’аланың бұйрығы. Аллаһу та’ала жұма сүресiнiң соңғы аятында: «Ей, иман келтіру абыройына ие болған құлдарым! Жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде хұтба тыңдау және жұма намазын оқу үшін мешіттерге асығыңдар. Сауда-саттықты тоқтатыңдар. Жұма намазы және хұтба сендерге басқа жұмыстарыңнан да пайдалы. Жұма намазын оқып болған соң дүние жұмыстарың үшін тарауларыңа болады. Аллаһтан ризық, несiбе күтіп еңбек етіңдер. Сондай-ақ құтылу үшін Аллаһты көп зiкiр етiңдер» - деп бұйырған.

Намаздан кейiн қалағандар жұмысына, қалағандар мешiтте қалып дұға етумен шұғылдана алады. Жұма намазының уақыты кiргенде сауда-саттықпен айналысу күнә болады.