Untitled Document

Сұхбат... Ысырап

Сұрақ: Ысырап деген не?

Жауап: Ысырап (исраф) мал-мүлікті діни тұрғыдан және мурууәт (адамгершілік) тұрғысынан дұрыс болмаған жерлерге жұмсау деген сөз. Мурууәт пайдалы болу, жақсылық жасау дегенді білдіреді. Дінге сай болмаған ысырап харам болып табылады. Мурууәтке сай болмаған ысырап тәнзиһән мәкрух.

Ысырап мал-мүлікті жою, зая кетіру, пайдасыз халге түсіру, рәсуа ету, дінге және дүниеге пайдалы болмайтын түрде жұмсау деген сөз.

Хадис шәрифте: «Үнемдеген адам байиды, ысырап еткен адам кедейленеді» делінген. (Бәззар).

Ысырап пен сараңдықтың ортасына үнемділік немесе жомарттық делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үнемдеген адам қиыншылық көрмейді». (Табарани).

«Құтқаратын үш нәрсенің бірі – бар кезде де, жоқ кезде де, байлықта да, кедейлікте де үнемдеушілік». (Бәйһақи).

«Үнемдеу тіршіліктің жартысы». (Хатиб).

«Үнемдеп жарату күн көрістің жартысы». (Дәйләми).

«Күн көрісте үнемдеу, пайғамбарлықтың жиырмадан бірі». (Әбу Дауд).

Ысырап сараңдықтан да жаман. Дінімізде сараңдықтың ысыраптан көбірек жамандалуы ысыраптың сараңдықтай жаман еместігін көрсетпейді. Сараңдықтың көбірек жамандалуы адамдардың мал-мүлік жинауға әуес болуынан. Ысыраптың жамандығын білдіру үшін Аллаһу та’ала былай бұйырған:

«Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер! Аллаһу та’ала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді». (Араф 31).

«Ысырап етпе! Ысырап еткендер шайтанның бауырлары». (Исра 26, 27).

«Ысырапшыларды опат қылдық». (Әнбия 9).