Электрокөлік
Электрокөліктердің тарихы көп адам ойлағаннан әлдеқайда ертерек басталған. Алғашқы электрмен жүретін көліктер XIX ғасырдың соңында пайда болды. Тіпті бір кезеңде олар бензинді көліктермен бәсекелес болған. Бірақ кейін жанармайлы қозғалтқыштар арзанырақ әрі қуаттырақ болғандықтан, электромобильдер екінші орынға ығысты.
Алайда XXI ғасырда экология мәселесі, мұнай бағасының өсуі және технологияның дамуы электрокөліктерге деген қызығушылықты қайта арттырды. Қазіргі таңда Қытай электромобиль өндірісі мен сатылымы бойынша әлемде көш бастап тұр. Қытайда жыл сайын миллиондаған электрокөлік сатылады, ал BYD сияқты компаниялар әлемдік нарыққа ықпал ете бастады. Норвегия болса, халық санына шаққанда электромобиль қолдану бойынша бірінші орында: жаңа сатылған көліктердің басым бөлігі электрлі. Сонымен қатар АҚШ, Германия және Жапония да бұл саланы белсенді дамытып жатыр.
Электроавтомобильдердің адамға пайдасы ең алдымен экологиямен байланысты. Олар бензин немесе дизель жақпайтындықтан, ауаға зиянды түтін аз бөледі. Бұл әсіресе үлкен қалалар үшін маңызды. Ауаның ластануы азайса, демікпе, өкпе аурулары және жүрек-қан тамыр ауруларының қаупі де төмендейді. Сонымен қатар электрокөліктердің дыбысы бәсең болғандықтан, қаладағы шу деңгейі азаяды.
Бірақ зияны туралы да пікірлер бар. Кейбір зерттеулерде электромобильдердің батареясы шығаратын электромагниттік өрістер ұзақ уақыт әсер етсе, адам ағзасына ықпалы болуы мүмкін деген болжамдар айтылады. Дегенмен қазіргі ғылыми деректер бойынша, күнделікті қолданылатын электрокөліктердегі сәулелену деңгейі қауіпті мөлшерден әлдеқайда төмен. Яғни дәл қазір электромобиль адамның денсаулығына тікелей зиян келтіреді деген нақты ғылыми дәлел жоқ.
Негізгі экологиялық мәселе батарея өндіру мен қайта өңдеуге қатысты. Литий, кобальт сияқты металдарды өндіру табиғатқа салмақ түсіреді. Сондықтан басты міндет – батареяларды қауіпсіз қайта өңдеу технологияларын дамыту.
2025 жылы: Қытай жылына 16-16,5 миллион электрокөлік. Германия шамамен 1,67 миллион. АҚШ шамамен 1,04-1,5 миллион. Жапония шамамен 100 мыңға жуық EV сатылымы/өндірісін көрсеткен.