Тарих... Қабірімді кім ашса
Әмір Темірдің негізгі тегі – монғол. Монғолдар Шыңғыс ханнан үш ұрпақтан кейін мұсылман болған және көршісі болған түріктермен араласып кеткен. Темірдің ана тілі түрікше болған. 1336 жылы қазіргі Өзбекістандағы Шахрисәбзде туылды. Шахрисәбз – жасыл қала деген сөз. Шағатай Мемлекетінің Ташкент әкімі болған әкесі Тұрағай, атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Ресейге шабуылдайды.
Ешкім көрмейтін жерде
Хазреті Жунәйд Бағдадидің бір шәкірті бар еді. Бұл шәкіртінің жан дүниесі бүкіл жақсылықтар мен ізгіліктерге толы еді. Кейіннен келуіне қарамастан хазреті Жунәйд Бағдади оны өте қатты жақсы көретін, ал басқа шәкірттері мұны көре алмайтын. Шәкірттерінің бұл жағдайы Жунәйд Бағдадиге белгілі болады. Шәкірттерінің қолдарына бір-бір тауықтан ұстатып, «Әрқайсың осы тауықтарды ешкім көрмейтін бір жерде бауыздап маған әкеліңдер» дейді. Барлығы өздеріне берілген тауықтарын аяқ баспаған түкпір жерлерде бауыздап алып келеді. Тек әлгі шәкірті ғана бауыздамай алып келеді. Жунәйд Бағдади «Не үшін бауыздамадың?» деп сұрайды. «Ұстаз! Сіз тауықтарды ешкім көрмейтін жерде сойыңдар» деген едіңіз. Ал мен ондай жер таба алмадым. Барлық жерді Аллаһу та'ала көріп тұр» деген кезде Жунәйд Бағдади шәкірттеріне қарап: «Достарыңның үстемдігі мен парасатын көрдіңдер ме?» дейді. Бұны естіген шәкірттері өкініп, хазреті Жунәйд Бағдадиден кешірім сұрайды.