Untitled Document

Сіз білесіз бе? Дұрыс ойлау мен фокус

Көп адам өзін «еріншекпін» немесе «мотивациям жоқ» деп ойлайды. Бірақ мәселе мінезде емес, мидың қалай жұмыс істейтінінде. Нейробиология бойынша, біздің әрекетімізді үш негізгі жүйе басқарады: ойлау, мотивация және назар.

Мидың алдыңғы бөлігі (префронтальды кортекс) жоспарлауға және шешім қабылдауға жауап береді. Ал допамин жүйесі мотивацияны береді. Бірақ маңыздысы, допамин нәтиже алған кезде емес, нәтижені күткен кезде бөлінеді. Сол себепті телефон, әлеуметтік желі сияқты жеңіл нәрселер бізді тез тартады.

Фокус дегеніміз – қай нәрсеге жиі назар аударатының. Ми қайталанатын нәрсені маңызды деп қабылдайды. Егер үнемі алаңдай берсең, фокус та әлсірейді.

Көпшілік «алдымен мотивация келу керек» деп күтеді. Шын мәнінде бәрі керісінше, алдымен әрекет басталады, содан кейін ғана мотивация пайда болады. Мысалы, адам жұмысқа отырғысы келмесе де, 10-15 минут бастап кетсе, кейін жалғастыру жеңілдейді.

Тағы бір қате – бір уақытта бірнеше іс жасау. Ми бір уақытта бірнеше тапсырманы қатар жасай алмайды, ол тек тапсырмалар арасында ауысып, тез шаршайды. Сондықтан бір уақытта бір ғана іске фокус қойған дұрыс.

Соңында, фокус тек ерікке байланысты емес, ортаға да тәуелді. Телефон, шу, артық ақпарат, бәрі концентрацияны бұзады.

Қорытынды: мотивацияны күтпе. Кішкентай әрекеттен баста. Сол әрекет миыңды өзгертіп, фокус пен ойды өзінен-өзі күшейтеді.