Мақала... Еуропалық зиялының көзқарасы
Француз мемлекет қайраткері Анри А. Убичини 1851 жылы Парижде жарық көрген «La Turquie Actuelle» атты кітабында Ислам діні туралы былай дейді:
«Ислам діні адамдарға мейірімділік пен түсіністік танытуды бұйырады. Еуропада дінсіз деп айыпталып өз ортасынан қудаланған бейбақ адамдар сұлтанның қонағы болып, мұсылман түріктердің жерінде өз отандарында қол жеткізе алмаған еркіндік пен қауіпсіздік жағдайында өмір сүрді. Мұнда әр түрлі дін өкілдерінің бәріне бірдей әділдік пен мейірім көрсетілді. Түріктер мен мұсылмандарды «жабайы» деп атаған еуропалықтар, керісінше, солардан қонақжайлық пен адамгершіліктің үлгісін көрді. XVI ғасырда өмір сүрген бір жазушы: «Неткен таңғаларлық жағдай! Мен мұсылман елдерін аралап шықтым. Біз «жабайы» деп атайтын мұсылмандардың қалаларында зорлық-зомбылықты да, кісі өлтіруді де көрмедім. Олар әр адамның құқығын құрметтейді. Жат жерден келгендерге, мұқтаж жандарға көмектеседі. Үлкені де, кішісі де, христиан да, яһуди де, мұсылман да, тіпті дінсіз немесе мүшрік болса да, бәрі бірдей әділдік пен мейірім көреді», - деген екен. Мен де оның осы пікіріне қосыламын». Убичини кітабының тағы бір жерінде былай жазады: «Стамбұлдың мұсылмандар тұратын бөлігінде бір жылдың ішінде полиция араласатын небәрі бір-екі ғана оқиға болады. Ал христиандар көбірек қоныстанған Пера, яғни Бейоғлу ауданында күн сайын жүздеген ұрлық, алаяқтық және кісі өлтіру оқиғалары орын алады. Адамдар бір-бірін алдайды, бір-бірін өлтіреді. Соның салдарынан бұл жер Еуропаның үлкен қалаларындағыдай азғындық пен қылмыс жайлаған. Стамбұлдың мұсылмандар тұратын бөлігінде жүз мыңдаған адам тыныштық пен бейбітшілік ішінде, ар-намысын сақтап өмір сүріп жатқанда, Перада тұратын шамамен 30 мың христиан арсыздықтың, әдепсіздіктің және қаңғыбастықтың үлгісін көрсетіп отырған».