Untitled Document

Сіз білесіз бе? 1900 жылдан бері жер бетінен жойылған бес жануар

1. Тасмания жолбарысы / Тилацин. Тасмания аралында өмір сүрді. Соңғысы 1936 жылы өлді. Жойылынуының негізгі себебі: Малға шабуыл жасайды деп есептелді; Үкімет оларды өлтірген адамдарға ақша төледі, Орманның азаюы да әсер етті. Ал терісінен сәндік бұйымдар жасалды. Кей музейлер сүйектерін ғылыми зерттеуге алды. Кей аңшылар оны трофей ретінде сақтады.

2. Кезбе кептер. АҚШ және Канада аумақтарында өмір сүрді. Соңғы түрі 1914 жылы жойылды. Адамдар оны арзан ет ретінде көп аулады. Қауырсындары жастық пен киімге қолданылды. Кей жерлерде жануар азығы ретінде пайдаланылды.

3. Батыс қара мүйізтұмсығы. Камерун аймағында өмір сүрді. 2011 жылы ресми түрде жойылды деп жарияланды. Жойылуының негізгі себебі: мүйізі үшін браконьерлік болды. Кей елдерде жалған медицинада қолданылды. Байлық пен статус белгісі ретінде сақталды. Қымбат әшекей заттарға пайдаланылды. Ақиқатында мүйізі кәдімгі адамның тырнағымен бірдей кератиннен тұрады. Емдік әсері ғылыми дәлелденбеген.

4. Байцзи дельфині. Янцзы өзені, 2006 жылы іс жүзінде жойылды деп танылды. Өзеннің қатты ластануынан, Кемелердің көбеюінен, Балық аулау торларына көп түсуі жойылуына себеп болды.

5. Пинта алып тасбақасы. Галапагос аралдарында. Соңғысы 2012 жылы өлді. Жойылуының негізгі себептері: Адамдар аралға ешкі әкелді, ешкілер өсімдіктерді жеп, тасбақаның азығын азайтты. Және теңізшілер оларды азық ретінде аулады. Бұл тасбақаның еті ұзақ сапарда тамақ болды. Майы қолданылды. Қабығы коллекциялық затқа айналды.

Бұл жануарлардың көбінің жойылуына ашкөздік, бақылаусыз аңшылық,  табиғатты құрту, «адамға пайдалы болуы керек» деген көзқарас себеп болды. Ал көп жағдайда: терісі сән үшін, сүйегі әшекей не медицина үшін, мүйізі байлық символы үшін, еті сауда үшін пайдаланылған.