Сұхбат... Түшкіру
Сұрақ: Түшкірудің иманмен, шын сөйлеумен және дұғаның қабыл болуымен байланысы бар ма?
Жауап: Иә, бар. Түшкіру өте жақсы нәрсе. Бір хадис шәрифте:
«Түшкіру Рахманнан, есінеу шайтаннан» делінген. (Тирмизи)
Хазреті Осман түшкірген кезде пайғамбарымыз алейһиссалам:
«Сүйінші саған, йа Осман. Мына келген Жәбрейіл алейһиссалам. Аллаһу та'аладан маған «Қатарынан үш рет түшкіріп, оның жүрегіндегі иманы берік болмайтын ешқандай мұсылман жоқ» деген хабар әкелді». (Тирмизи, Хаким).
Сөйлеп жатып түшкірген адамның тура, шын айтып жатқаны белгілі болады. Бір хадис шәрифте былай келген:
«Сөйлеп тұрғанда түшкіру сөздің дұрыс екенінің белгісі». (Табарани, Хаким).
Дұға етіп жатқанда түшкіру де сол дұғаның қабыл болғанының белгісі. Хадис шәрифте былай делінген:
«Дұға етіп жатқанда түшкіру дұғаның қабыл болатынының белгісі». (Табарани).
Сұрақ: Түшкірген адамға не деп айту керек?
Жауап: Сәлем берген адамның сәлемін алу парыз болғаны секілді, түшкірген адамға «Йәрхамукәллаһ» деп айту Ханафи мазһабында парыз болып табылады. Бұл фарзи айн емес, фарзи кифая болып табылады. Түшкірген махрам әйелге йәрхамукиллаһ делінеді. Бірақ бөтен әйелдің түшкіргеніне айту дұрыс емес. Бір жиында (топта) біреу түшкіріп «Әлхамдулиллаһ» десе, сол жердегілерден ешкім йәрхамукәллаһ демесе, барлығы күнә істеген болады. Ал егер бір адам айтатын болса, қалғандары айтпаса да болады. Айтуларына да болады, қайта жақсы болады. Хадис шәрифте «Сәлем мен тәшмитті жайыңдар» делінген. (Ибн Асакир).
(Тәшмит: түшкіріп «Әлхамдулиллах» деген адамға «Йәрхамукәллаһ» деп, қайыр және берекетпен дұға ету).