Ғибратты оқиға... Дүние деген осы
Бір адам моншаға барады. Өзі өте келбетті еді. Моншаға кіріп мәрмәр тасына отырғанда, ішке өзінен айнымайтын бір адам кіреді. Іштей, «адам бір-біріне осыншалықты ұқсайды екен-ау» дейді. Бірақ, оның айналасында қызметшілері, оққағарлары болады. Сол жерде отырғандардан «Бұл кім?» деп сұрайды. Ол жердегілер «Бұл патша» деп жауап береді. Патша болғаны үшін оған арнайы бөлме ашады. Патша айналасындағыларға «Енді бұл жерден шығыңдар!» дейді. Әлгі адам бәрі шығып кеткеннен кейін патшаның бөлмесін бір көрейінші дейді де, есікті ашады. Сөйтсе, патша өліп қалған екен. Сонда әлгі адам «бұл жақсы мүмкіндік, не де болса бұл маған қатты ұқсайды» дейді. Патшаны өз орнына сүйеп, мәрмәр тасына отырғызады да, өзі патшаның орнына барады. Сөйтіп қызметшілерін шақырады. Қызметшілері «Не бұйырасыз?» дегенінде, «Жылдам кетеміз» дейді. Киімдерін кигізеді, патшаның көлігіне мініп, тікелей сарайға жөнеледі. Өзіне ешкімді жақындатпай тура жеке бөлмесіне кіруге ұмтылады. Бөлмеге кіріп, «қызметшілер қайда?» деп дауыстайды. Айтқаны сол екен, бетіне қатты бір шапалақ тиеді. Оянып кетсе, мәрмәр тасында ұйықтап қалыпты. Сөйтсе, көргендерінің бәрі түсі екен... Шапалақпен ұрған адам, «Тазалап, жинастырып жатырмыз, кеш болды. Қане тұр орныңнан, қайт!» дейді. Өкінішпен бір күрсініп орнынан тұрып кетеді.
Хазіреті Мәулана: «Дүние дегеніміз міне осы. Мәрмәр тасында рахаттанып жатасың, бір шапалақпен сені оятады. Өкініштісі, Әзірейіл алейһиссаламның оятуы бұлай бола қоймайды» дейді.