Оқиға... Ақылды қызметшінің істегені
Мәмун патша бір күні үйіндегі қызметшісіне «Маған тамақ алып кел!» деп бұйырады. Қызметшісі: «Құп болады, патшам!» дейді де, әмірді орындайды. Дұрысырағы орындай алмайды. Өйткені сорпаны әкеле жатқанда сүрініп кетіп, ыстық сорпаны сұлтанның үстіне төгеді. Патша қатты ашуланады, айқайға салып, тіпті оны ұру үшін орнынан атып тұрады. Бірақ ұра алмайды. Өйткені ол ұрам деп көтерілгенде, қызметші: «Бір минут сұлтаным, асықпаңыз. Дініміздің әмірі бойынша амал етіңіз!» деп ескертеді. Патша тоқтап қалады, ал қызметшісі сөзін жалғастырып: «Сұлтаным! Аллаһу та’ала «Тақуа құлдар ашуланбайды!» деген» дейді. Сұлтан біраз басылады да: «Жарайды, мен де ашуланбаймын» деп ұрудан бастартады. Қызметшісі: «Сұлтаным! Аяттың жалғасы бар. Аллаһу та’ала: «Олар кемшіліктерді кешіреді!» деген» дейді. Патша тағы да жұмсарады да: «Жарайды, мен де сені кешірдім» дейді. Ақылды қызметшісі былайша жалғастырады: «Сұлтаным! Әлі біткен жоқ. Аллаһу та’ала Құран кәрімде: «Біз сыйлық беретіндерді жақсы көреміз!» деген» дейді. Мұны естіген патша күліп жібереді. Риза болғандығынан бір кесе алтын алдырады да, қызметшісіне береді.