Хазреті Әбу Махзура (2)
Әбу Махзура бұл әмірді қаламай орындағаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз оған біраз күміс ақша берді және оған дұға етті. Көңілін Ислам нұры қаптаған Әбу Махзура сол жерде мұсылман болды және сүйікті пайғамбарымыздан оны Меккедегі Харам шәриф мешітіне муәззин етіп тағайындауын сұрады. Бұл өтінішін қабыл еткен пайғамбарымыз Меккенің әміршісі Аттаб бин Әсидке баруын және жаңа міндетін оған білдіруін бұйырды. Әбу Махзура Расулуллаһ Меккеден кеткенге дейін Қағбада Білал Хабашимен бірге азан оқыды.
Расулуллаһ сипап маңдайына түскен шаштарын мүлдем қысқартпады. 59 жылдағы өліміне дейін Меккеде муәззиндік қызмет атқарды. Өзінен кейін Мәсжид-и Харамда азаншылық міндетті баласы және немерелері жүз жылдап жалғастырды. Құрайштың шежіресін жақсы білген Әбу Махзурадан хадис шәрифтер риуаят етілген. Азан және қамат жайындағы риуаяты барлық жерде мәшһүр. Ханафи мазһабындағы мұсылмандар осымен амал еткен. Жафари сектасының адасқандары азан оқыған кезде екі рет «Әшһәду әннә Мухаммадар Расулуллаһ» дегеннен кейін, екі рет «Әшһәду әннә Әлиян Уәлиуллаһ» дейді. Бұл «Әли Аллаһтың уәлиі екендігіне куәлік етемін» деген сөз. «Хаййя аләл фәләх» дегеннен кейін екі рет «Хаййя алә хайрил амәл» дейді. Бұл «Ең қайырлы амалға кірісейік» деген сөз. Олар мұның сүйікті пайғамбарымыз заманында оқылғанына және хазреті Омар тарапынан тоқтатылғанына сенеді. Сонымен қатар таң намазының азанында «Әссаләту хайрум минән нәуум» демейді. Қамат айтқанда да азанның басында оқылатын «Аллаһу әкбар» сөздерін екі рет, азанның соңындағы «Лә иләһә иллаллаһ» деген сөйлемін бір рет оқиды. «Хаййя алә хайрил амәл» сөйлемінен кейін екі рет «Қад қаматис саләһ» сөйлемін оқиды.