Ғұлама.. Жафәр Садық
Жафәр Садық хазрет әһли бәйттен болып, он екі имамның алтыншысы, Силсилә-и алияның төртіншісі. Әкесі Мұхаммед Бақыр, әкесінің әкесі – хазреті Әли.
Ілім мен үстемдікте ол заманының ең жетігі болды. Діни білімдерде болғанындай, заманының бүкіл пән ғылымдарында да ғалым еді. Жетілдірген шәкірттері алгебра және химия ғылымдарында әр түрлі жаңалықтар ашқан, осы ғылымдардың негізгі жүйелігін құрған. Физика және химия ғылымдарының негізі болған зат және соған қатысты білімі өте жоғары еді. Химияның атасы саналатын Жәбир де Жафәр Садық хазреттің шәкірті еді.
Имам Жафәр Садықтың әйгілі шәкірті болған Имам Ағзам Әбу Ханифа Жафәр Садықтың сұхбатына екі жыл бойы қатысып, сол жасырын және ашық марифет қайнарынан білім және әулиелік жолында көп пайда алды. Имам Ағзам оның алдында қол жеткізген жоғары мәртебелерді айтып беру үшін «Сол екі жыл болмағанда, Нуман құрып кетер еді» деді.
Шынайы Ислам ғалымдары дінімізді мүлдем өзгертпестен осы күнге дейін жеткізді. Бұл ғалымдардан иман білімдерін үйрететіндер «Мутәкәллимин», ғибадаттардың қалай орындалатынын үйрететіндер «Фуқаха», көңілмен орындалу және сақтану керек болған нәрселерді үйрететін ғылым «Тасаууф» және осы ғылымның ғалымдары «Мутасаууифун» деп аталады. Міне имам Жафәр хазрет осы үшінші ғылымды үйретті.
Кейбір насихаттары: «Мына адамдармен бірге болудан сақ болыңдар:
1) Өтірікшіден. 2) Сараңнан. 3) Ақымақтан. Өйткені ең қажетті уақытта сені тастап кетеді. 4) Пасықтан, яғни күнә істеуге ұялмайтын адамнан!».
«Қателік істеген кездеріңде истиғфар етіңдер, қателікте табандылық таныту құрып кетушілікке себеп. Бір адам күнкөріс қиыншылығын шегіп жүрген болса, истиғфар айтып жүрсін».
«Бәле-жалаға шүкір етпеген адам ниғметке де шүкір ете алмайды».
«Мына төрт нәрсенің азы да көп болып саналады: От, дұшпан, кедейлік, ауру».