Untitled Document

Сұхбат... Салман Фариси

Салман Фариси хазрет Асхаби кирамның ұлыларынан және әйгілілерінен. Әһли бәйттен саналған. Адамдарды Хаққа шақырған, дұрыс жолды көрсетіп, бақытқа қауыштырған және Силсилә-и алия деп аталатын ұлы ғалым және әулиелердің екіншісі. Хандек соғысынан бастап бүкіл соғыстарға қатысты. Хандек соғысындағы қайсарлығы мен қызметінің себебімен сүйікті пайғамбарымыз оған «Салман-ул Хайр», яғни «Қайырлы Салман» деген. Салман Фариси хазрет дүниелікке еш мән бермейтін еді. Өзіне келген барлық дүниелік мал-мүлікті Аллаһ разылығы үшін тарататын еді. Түрегеп тұра алмайтын жағдайға келгенге дейін намаз оқып, денесі шаршаған кезде отырып, тілімен зікір ететін еді. Біраз демалғаннан соң «Ей, нәпсім, сен жақсылап демалып алдың. Енді тұр, Аллаһу та'алаға ғибадат жаса», ал тіліне «Ей, тілім, сен де Аллаһу та'аланы зікір етуді баста» дейтін еді. Хазреті Әбу Бәкір дәуірінде Мәдинадан және хазреті Әбу Бәкірдің сұхбатынан бір сәтке де ажырамаған хазреті Салман хазреті Омар заманында Иранның жаулап алынуына қатысқан еді, Ислам әскері үлкен жеңістерге жеткен осы жорықта өте маңызды қызметі тиген еді, Ирандықтар жайында көп мәлімет білетін еді. Өйткені өзі де Ирандық еді. Өте аз тамақтанатын. Бір күні бір дастархан басында көбірек жеуін табандылықпен сұрағандарға сүйікті пайғамбарымыздың: «Адамдардың ахиретте қатты аштық сезетіндері – дүниеде тойғанға дейін жейтіндер» деп айтқанын хабар берді.

Сұхбат...Кафарат намазы

Бұл намаз екіндінің​ сүннеті сияқты төрт рәкат оқылады. «Қазаға қалған және қазасын кешіктірген намаздарының күнәларының кешірілуі үшін кафарат намазын оқуға» деп ниет етіледі. Оның айырмашылығы әр рәкаттың қиямында Фатихадан кейін 1 рет «Аятәл күрси» және 10 рет «Кәусар» сүресі оқылады. Екі рәкаттан кейінгі отырыста Әттахият, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик оқылып үшінші рәкатқа тұрады. Үшінші рәкатты сүбханакәмен бастайды. Ал басқа жерлері бірдей. Кафарат намазы және қасиетті уақыттарда жасалатын басқа да ғибадаттар қаза болған парыз намаздардың күнәларының кешірілуі мақсатымен жасалған тәубенің қабыл болуы үшін жасалады.

Бұл намаз ертең, Рамазан айының соңғы жұма намазынан кейін екінді намазына дейін оқылады!