Сұхбат... Рухани аурулардың басы...
Рухани аурулардың басы – дүниеге деген махаббат. Жамандықтардың барлығы дүниеге деген сүйіспеншіліктен туындайды. Адамдарды күншілдікке, бір-біріне қарсы өшпенділікке және тәкәппарлыққа сүйрейді. Адамдарға күмәнді нәрселерді, тіпті харам болған нәрселерді де жасатады. Одан әргісі күпірге түсуіне де себеп болады.
Пайғамбарлардың көбіне иман келтірмегендер дүние-мүлкінен, салтанатынан айрылып қаламын деген қорқынышпен мақұрым қалды. Әйтпесе олар пайғамбарлардың ақиқатты айтып жатқанын білетін еді. Перғауын иман келтіргенінде Мысырға үстемдігін жүргізе алмас еді. Нәмрұд мүминдердің біріне айналғанда, Нәмрұдтығын қалай іске асырар еді?!
Бір күні Сахабалардан бірі сүйікті пайғамбарымызға (алейһиссалам) келіп:
- Маған бір амал үйретіңіз, мен ол амалды жасағанда Раббым да, адамдар да мені жақсы көрсін, – дейді.
Пайғамбарымыз былай деп жауап береді:
«Дүниені жақсы көрме, сонда Раббымыз сені жақсы көреді...».
Раббымыз дүниені де, дүниені сүйгендерді де сүймейді. Дүниеден басқа ешбір жерде Оған қарсы шығушылық, бағынбаушылық жасалмайды. Сол үшін де дүниені жақсы көрмейді.
«Өзгенің қолындағыға көзіңді салма, сонда адамдар сені жақсы көреді...»
Адамдар өзінен бір нәрсе сұраған адамды жақтырмайды.