Untitled Document

Денсаулық... Артық ой – үнсіз у

Сен кейде шаршайсың. Бірақ денең емес, ойың шаршайды. Бір жағдай болды делік. Кеше біреу саған бір сөз айтты. Ол сәт өтті. Бірақ сенің басыңда ол әлі жүр. Қайта-қайта ойлай бересің. Басқаша айтқанда, сен сол сәтті жүз рет қайта өмір сүресің. Міне, артық ой осыдан басталады.

Психологияда мұны «руминация» дейді – бір ойды қайта-қайта шайнау. Бұл кезде ми нақты қауіп болмаса да, оны бар сияқты қабылдайды. Нәтижесінде ағзада стресс гормоны кортизол бөлінеді. Жүрек жиі соғады, бұлшық еттер керіледі, ұйқы бұзылады. Яғни сен жай ғана ойлап отырмын деп ойлайсың, ал денең шын мәнінде «қауіп режиміне» өтіп кеткен.

Анатомиялық тұрғыдан қарасақ, миыңдағы амигдала (қорқынышқа жауап беретін бөлік) шамадан тыс белсенді болады. Ал логикалық ойлауға жауапты префронталды қыртыс керісінше әлсірейді. Сол үшін артық ойлаған кезде сен дұрыс шешім қабылдай алмайсың.

Ең қызығы, бұл ойлардың көбі шындық емес. Философтар айтқандай: «Адамды болған нәрсе емес, сол туралы ойы қинайды». Сен көбіне болмаған нәрседен қорқасың. Мысалы: «Егер олай болса ше?», «Ол мен туралы не ойлады екен?», «Ертең не болады?». Осындай сұрақтар миға тыныштық бермейді. Бірақ шындық қарапайым, артық ой мәселені шешпейді, тек оны үлкейтеді.

Өзіңе қарашы. Қанша уақытың бос уайымға кетті? Қанша мүмкіндік тек сен қорыққаның үшін жіберілді?

Артық ойлау – бұл әрекеттің орнына иллюзияны таңдау. Шығу жолы бар:
ойды емес, әрекетті таңда. Қимылда. Себебі қозғалыс – ойдың ең үлкен дұшпаны. Есіңде болсын, тыныш өмір – бәрін бақылауда ұстау емес. Бұл бәрін ойлай бермеуді үйрену.