Тәһәжжүд, сәре уақыты және сәре тағамы
Сұрақ: Сәре уақытының маңызы қандай және қалай есептеледі?
Жауап: Сәре уақыты шариғи түннің, яғни күн батуынан имсак уақытына дейінгі уақыт аралығының, соңғы алтыдан бір бөлігі. Бұл уақыт жаз бен қыста көбейіп азаяды. Тәһәжжүд намазының уақыты болса, түннің соңғы үштен бір бөлігі.
Түннің жарымынан кейінгі оқылған тәһәжжүд намазы күндіз оқылған мың рәкаттан да құнды болады. «Музәммил» сүресінің екінші аятында «Түннің жарымында түнгі намазды оқы!» делінген. (Ислам ахлақы).
Тәһәжжүд намазын түннің жарымынан кейін оқуға болатыны секілді, түннің соңғы үштен бірінде оқу жақсы болады. Сәре уақытында оқу одан да жақсы болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Түннің соңында ояна алмайтынынан қорыққан адам, түннің алғашқы уақытында үтірді оқысын! Сосын жатсын! Түннің соңында оянатынына үміт еткен адам үтірді сол уақытта оқысын! Өйткені, түннің соңында оянғанда рахмет періштелері дайын болады». (Мүслим).
«Түнде сәре уақытында және намаздардан кейін жасалған дұға қабыл болады». (Тирмизи).
«Сәре уақытында Аллаһу та'ала: «Истиғфар етіп жатқан адам жоқ па, оны кешірейін. Тілегі барлар жоқ па, сұрағанын берейін, дұғасын қабыл етейін» дейді». (Мүслим).
Сұрақ: Сәресіне тұрмай ораза ұстау күнә ма?
Жауап: Күнә емес, бірақ сәреге тұру үлкен сауап болады. Бір жұтым су үшін болса да, сәреге тұрған жақсы болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Сәре тамағы – берекелі. Сәренің толығы береке. Бір жұтым су үшін болса да сәреге тұрыңдар. Аллаһу та'ала мен періштелері сәреге тұрғандарға салат және сәлем етеді». (И. Ахмед). (Яғни Аллаһу та'ала сәреге тұрғандарды кешіреді, періштелер оларға дұға етеді).
«Сәреге тұрыңдар, сәреде береке бар». (Бұхари).
«Сәреде тамақ жеп, ораза тұтуларыңа көмекші болыңдар!» (Бәйһақи).
«Сәре тамағына тұру Аллаһтың сендерге берген берекесі, мұны жіберіп алмаңдар». (Нәсаи).