Рамазан сұхбаты... Тарауих намазы
Тарауихтың 20 рәкат болуы, жамағатпен оқылуы хадис шәрифпен білдірілген. Сүннет екендігі сахабалардың ижмасымен бекітілген. («Мәрақ-ил фәлах» шәрһі).
Пайғамбарымыз тарауихты 8, 12, 20 рәкаттан оқыған.
Хазреті Ибни Аббас былай білдірген: Расулуллаһ (алейһиссалам) құптаннан кейін үтірден бұрын 20 рәкат намаз оқығаннан кейін былай деп бұйырды:
«Рамазанда 20 рәкат тарауих намазын оқыған адамның 20 мың күнәсі кешіріледі». (Ибни Әби Шәйбә).
Тарауихтің 20 рәкат болғандығына сенбеген адам «адасушы» екендігі «Нур-ул изах» шәрһінде жазулы.
Тарауихта оқылатын дұға мен тәсбихтер
• Тарауихқа тұрған кезде «Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-иззати уәл-азамати уәл-жәләли уәл-жәмәли уәл-жәбәрут. Субханәл мәликил-мәужуд. Субханәл-мәликил-мабуд. Субханәл-мәликил-хайилләзи лә янаму уә лаямут. Суббухун, қуддусун Раббуна уә Раббул мәләикәти уәррух.
Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһри Рамазан. Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһрәл-баракати уәл-ғуфран. Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһрат-тасбиһи уәт-таһлили уәз-зикри уә тилауатил Құран. Әууәлуһу, ахируһу, захируһу, батинуһу,я мән ла илаһә иллаһу» тәсбихтері мен дұғалары оқылады. Айдың 15-нен кейін «Мәрһабаның» орнына «әлуида» делінеді.
• Әр 4 рәкаттан кейін «Аллаһумма салли ала сәйидина Мухаммадин уә ала али сәйидина Мухаммад. Би адади кулли дааин уә дауааин уә бәрик уә сәллим алейһи уә алейһим кәсира» деп оқылады.
Бұл бөлім 20 рәкаттың соңында 3 рет қайталанады және үшіншісінде «кәсирадан» бұрын «кәсиран» дейді. Сосын 3 рет мына дұға оқылады:
«Йа Ханнан, йа Мәннан, йа Дәйян, йа Бурхан. Йа Зәл-фадли уәл-ихсан нәржул-ауфуа уәл-ғуфран. Уәж-әлна мин утақааи шаһри Рамазан би хурмәтил-Құран».