Сұхбат... Күнәдан аулақ болу үшін не ойлау керек?
Сұрақ: Адам күнә істейтін кезде сол күнәдан аулақ болу үшін не ойлауы керек?
Жауап: Бір адам күнә істейтін кезінде Аллаһу та'аланың оны үнемі көріп тұрғанын және қасында амалдарын жазып тұратын періштелердің де бар екенін ойлауы керек!
Аллаһу та'аланың субути сипаттарынан Басар – көру, әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен) Әл-Бәсир – ашық-жасырын барлық нәрсені өте айқын көруші дегенді білдіреді. Құран кәрімде көптеген аяттарда Аллаһу та'аланың адамдардың әрбір ісін ең жақсы түрде көріп тұрғандығы білдірілуде. (Бақара 110, 233, 237).
Аллаһу та'ала тек істелгендерді ғана емес, істелмекші болғандарды да, адамдардың не ойлағанын да біледі. Екі аяти кариманың мағынасы: «Аллаһ олардың жүректерінде жасырғандарын да, ашық көрсеткендерін де біледі.» (Нәмл 74).
«Аллаһу та'ала іштеріңде не бар болса, бәрін біледі.» (Әли Имран 154).
Хадис шәрифте былай делінген:
«Адам екі салих көршісінен қалай ұялса, күндіз-түні онымен бірге болған екі періштеден де солай ұялуы керек!» (Бәйһақи).
Сұрақ: Мен бес уақыт намаз оқимын. Намахрамға (бөтен әйелдерге) қарауды немесе басқа бір күнә істеуді қалаған кезімде бұдан қорғану үшін оқылатын дұға бар ма?
Жауап: Иә, бар. Алайда дұрыс оқылған намаздың барлық жамандықтан қорғайтыны Құран кәрімде жазылған. Сондықтан ең әуелі намазды дұрыс оқуға тырысыңыз. Намаздың парыз, уәжіп, сүннет және мүстаһабтарына мән беріңіз. Мәкрухтардан сақтаныңыз. Осылай намаз оқитын адам харамға тіпті қолын да соза алмайды.
Дұғаға келер болсақ, Аллаһу та'аланы зікір ету керек, яғни еске алу, ойлау қажет. Мысалы, Лә илаһа иллаллаһ деп айтқан жөн. Аллаһты ойламастан ғапіл болып өмір сүрген адамға шайтан тиісе береді. Бір аяти кариманың мағынасы мынадай:
«Рахман болған Аллаһты зікір етуден ғапіл болған кісіге қасынан айрылмайтын бір шайтанды бәле қыламыз». (Зухруф 36).