Untitled Document

Сұхбат... Жамандықтардан құтылудың жолы

Аллаһу та’ала өлімнен басқа барлық аурулардың дауасын, шипасын жаратқан. Барлық қиыншылықтардың, барлық қасіреттердің шарасы бар. Барлық нәрсе бір себеппен жаратылған. Бір нәрсеге қауышқысы келетін адам ол нәрсенің себебіне жүгінеді. Кез келген нәрсенің себебіне жүгінген адам ол нәрсенің нәтижесіне жетеді.

Барлық дерттің, аурудың, қиыншылықтың дәрісі, шешімі бар болғаны секілді, жамандықтардан құтылудың да жолы, шешімі бар. Дұрыс оқылған намаз барлық жамандықтан құтылудың жолы болып табылады. Өйткені «Анкебут» сүресінің 45-ші аятында: «Дұрыс оқылған намаз адамды үлкен күнәлардан және Аллаһу та’аланың разы болмаған нәрселерінен қалайда алыстатады» делінеді.

Аят кәримадағы «қалайда» деген сөз міндетті түрде деген мағынаны білдіреді. Яғни намаз адамды жамандықтардан міндетті түрде алыстатады деген сөз. Бірақ аяти кәримада кезкелген намаз емес «дұрыс оқылған намаз» деп айтылған.

Шарттары түгел орындалып, дұрыс оқылған намаз барлық жамандықтардан құтылудың емі болып табылады. 

Хазреті Абдуллаһ Дәхләуи былай дейді:

«Бүкіл ғибадаттар намаз ішінде жиналған. Құран кәрім оқу, тәсбих айту яғни «субханаллаһ» деу, Расулуллаһ алейһиссаламға салауат айту, күнәларға истиғфар ету және қажеттіліктерді тек Аллаһу та’аладан сұрап Оған дұға ету намаз ішінде біріккен. Ағаштар, шөптер, намазға тұрғандай тік тұрады. Жануарлар «руку» күйінде, жансыздар «жәлсәда» отырғандай жерге төселген. Намаз оқыған адам бұлардың ғибадаттарының барлығын орындайды. Намаз оқу миғраж түні парыз болды. Сол түні миғражға шығумен мәртебеленген Аллаһу та’аланың сүйікті пайғамбарына мойынсұнуды ойлап, намаз оқыған мұсылман сол ұлы пайғамбар секілді Аллаһу та’алаға жақындататын мәртебелерге көтеріледі».

Қысқаша айтқанда, намаз – мұсылманның миғражы, барлық дерттің және барлық жамандықтардың шипасы болып табылады.