Сұхбат... Шабан айы
Дініміздегі қасиетті айлардың екіншісі – Шабан айы басталды. Аллаһу та’ала құлдарына аса мейірім танытқандықтан, тіпті ананың баласына деген мейірімінен де артық мейірімді болғандықтан, кейбір күндер мен кейбір айларды қасиетті қылды.
Бұл қасиетті айлар мен күндердегі ғибадаттарға, жақсылықтарға өте көп сауап беретінін айтты. Сондықтан бұл күндері тәубе етіп, истиғфар айту керек, дұға етіп, жалбарыну керек, бұл күндерді үлкен мүмкіншілік деп білу қажет.
Біз үшін үлкен мүмкіншілік болған қасиетті айлардың бірі – Шабан айы. Аллаһу та’ала Шабан айын пайғамбарымызға тән қылған. Хадис шәрифтерде бұл айдың маңызы былай білдірілген:
«Шабан шәриф менің өзіме тән болған ай. Хақ та’ала Арштың періштелеріне: «Ей, менің періштелерім, көрдіңдер ме, менің құлдарым хабибімнің (сүйіктімнің) айына қалай тағзым және құрмет көрсетуде. Ұлылығымның, құдыретімнің хаққы үшін, мен де құлдарымды кешіріміме қауыштырдым» дейді».
«Шабан менің айым, Ражаб Аллаһу та’аланың айы, Ал Рамазан менің үмбетімнің айы. Шабан айы күнәларға кәффарат айы, ал рамазан күнәлардан тазалаушы ай болып табылады».
Шабан айында күші жететін, мүмкіншілігі бар адамның ораза тұтуының үлкен сауап екені білдірілген. Бірақ бұл оразаларды тұтқанда харамнан, күнә істеуден де аса сақтану керек.
Шабан айында ораза тұтудың сауабы былай білдірілген:
«Кімде-кім Шабан айында үш күн ораза тұтса, Хақ та’ала жәннаттан оған бір орын дайындайды».
Айша анамыз «Ей, Расулаллаһ, сенің Шабан айында ораза тұтып жүргеніңді көремін, мұның хикметі неде?» деп сұрағанында, пайғамбарымыз «Ей, Айша, Шабан өте үстем ай, ол жылдың ішінде өлетін адамдардың есімдері дәптерге жазылып жан алушы періштеге беріледі. Мен ораза тұтып жүрген күйде есімімнің дәптерге түсуін қалаймын» дейді.