Untitled Document

Сұхбат... Намазды ықыласпен оқу

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтқан:

«Намаздарыңызды ықыласпен оқыңдар! Себебі жандарыңдағы періштелер сендердің амал, намаз бен ғибадаттарыңды көкке алып кетеді, көкке бара жатқанда көптеген періштелер осы ғибадаттарды көреді:

1-ші қабаттағы періштелер өтірікшілердің ғибадаттарын өткізбейді.

2-ші қабаттағы періштелер намаз оқығанда дүние ісін ойлағандардың намазын өткізбейді.

3-ші қабаттағы періштелер өз намазын ұнатқандардың намазын өткізбейді.

4-ші қабаттағы періштелер тәкаппарлардың, яғни өзін жақсы көргендердің намазын өткізбейді.

5-ші қабат періштелер іші тар, қызғаншақтардың намазын өткізбейді.

6-ші қабаттағы періштелер жүрегінде мейірім-шапағат болмағандардың намазын өткізбейді.

7-ші қабаттағы періштелер атаққұмар мен ашкөз болғандардың намазын өткізбей кері қайтарады».

Осы хабарды пайғамбарымыз айтқан кезде барлық сахабалар (радиаллаһу та’ала анһум әжмаин) жылады.

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті тарапынан
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30
желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу
қағидаларына сәйкес «Түркістан күнтізбесі – 2027» материалының қолжазба
нұсқасына дінтану сараптамасы жүргізілді.
Жүргізілген дінтану сараптамасының негізінде сараптама объектісін Қазақстан
Республикасы аумағында пайдалануға және таратуға шектеу қоюға негіз
болатын айғақтар мен себептер анықталмады.
Құрметті оқырман!
Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Үмметімнің арасында бүлік, бәле-жала
жайылғанда сүннетімді ұстанған жанға жүз шәһидтің сауабы
беріледі», - деп бұйырған. Сүннетті ұстану – әһли сүннет ғұламалары-
ның кітаптарын оқу әрі соған сәйкес амал ету арқылы жүзеге аспақ.
Мұсылмандардың төрт мазһабының негізін қалаушылар – әһли сүннет
ғұламалары. Әһли сүннет ғұламаларының басшысы – Имам Ағзам Әбу
Ханифа Нұғман бин Сабит (рахметуллаһи алейһ).
Әһли сүннет ғұламалары былай дейді: «Аллаһу та’ала исламды дұрыс үйренгісі
келген адамға мұны нәсіп ететініне уәде берген. Аллаһ уәдесінен қайтпайды».
Сондықтан «Йа Раббым, Саған сенемін, Сені және Пайғамбарларыңды сүйе-
мін, ислам ілімдерін дұрыс үйренгім келеді. Мұны маған нәсіп ете гөр, мені
қате жолға түсуден сақтай гөр», - деп дұға етіп, истихара намазын оқу керек.
Құран кәрімде: «Дұрыс жолды іздегендерді бақытқа жеткізетін жолдарға
қауыштырамыз» (Анкабут 69) делінген.
Түркістан күнтізбесінің жарық көруіне көмегі мен еңбектерін аямаған барлық доста-
рымызға, www.islamdini.kz және www.namaztimes.kz сайтының ұжымдарына алғысы-
мызды айтамыз. Намаз уақыттарын есептеуде қолдау көрсеткен www.turktakvim.com
сайтының өкілдеріне ілтипатымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Басқа елдердегі
қалалардың намаз уақыттарын www.namazvakti.com, ал күнтізбелердің түрлерін
www.turktakvim.com көре аласыз. Келер жылы қайта кездескенше.
Түркістан күнтізбесі ©
Алматы 2027
Ғаламторда түрік тіліндегі күнтізбе және намаз уақыттары:
Күнтізбе: http://www.turktakvim.com
E-mail: bilgi@turktakvim.com
Намаз уақыттары: http://www.namazvakti.com
E-mail: bilgi@namazvakti.com
ISBN: 978-601-7813-24-6 ӘОЖ 050 КБЖ 92я2 Т90
«Түркістан мәдениет қоры» қоғамдық қоры
Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2п
(Сейфуллин даң-ң қ-сы)
Тел: 8 (727) 293 55 98
e-mail: kuntizbe@gmail.com / www.kuntizbe.kz
Алматы

Bas kı: İhlas Gazetecilik A.Ş. 29 Ekim Cad. No:23 Yenibosna - İst. (0212) 454 30 00