Untitled Document

Сұхбат... Кедейліктің себептері

Хадис шәрифте былай хабар берілген: «Адамға кедейлік жиырма төрт нәрседен келеді:

1. Зәруліксіз тұрып дәрет сындыру,

2. Жүніп кезде тамақ жеу,

3. Нанның ұсағын мән бермей басу,

4. Пияз бен сарымсақтың қабықтарын отқа тастау,

5. Үлкендердің алдына түсіп жүру,

6. Әкесін және анасын атымен шақыру,

7. Ағаш және сыпырғының талшығымен тісті шұқылау,

8. Қолын балшықпен жуу,

9. Табалдырыққа отыру,

10. Кіші дәрет сындырған жерінде дәрет алу,

11. Ыдыс-аяқты жумай ішіне тағам салу,

12. Киімін үстінде тігу,

13. Қарны ашқанда пияз жеу,

14. Бетін етегіне сүрту,

15. Үйінде өрмекшілерге бой беру,

16. Таң намазын оқығаннан кейін мешіттен асығып шығу,

17. Базарға ерте барып, кеш қайту,

18. Мұқтаж, өте кедей адамнан нан сатып алу,

19. Әке-шешеге жаман дұға ету,

20. Жалаңаш жату,

21. Ыдыс-аяқтың үстін ашық қалдыру,

22. Шырақты, шамды үрлеп өшіру,

23. Барлық істі Бисмиллаһ айтпай істеу,

24. Шалбарды тұрып кию».