Untitled Document

Денсаулық... Пластикалық ыдыстар

АҚШ-та жасалған зерттеуде пластикалық ыдыстарды көп тұтынатындарда бауыр ферменттері көбейіп, қарын майлануы артқандығы анықталған. Кофе және шай секілді ыстық сусындар үшін қолданылатын пластикалық стакандар кансероген заты ретінде белгілі бензолдан жасалуда. Қоршаған ортаны ең ластаушы зат ретінде қаралатын пластиктер тамағымыздан бастап қалқанша безіне, қарын жақтағы ұйқы безіне, әйелдерде аналық безіне, еркектерде жұмалаққа (жыныстық без) түбегейлі әсер етуде және бедеулікке себеп болуда. Сәбидің сүт бөтелкелерінде де осы зиянды заттар болуы мүмкін. Бұл зиянды заттар баланың бүкіл генетикалық құрылымын өзгертуі мүмкін. Осы себепті пластикалық ыдыстарды өмір салтымыздан мүмкіндігінше ұзақ ұстаған жөн. Оның орнына шыны, болат секілді ыдыстарды тұтыну керек. Пластикалық ыдыстардың ішінде ешнәрсені мұздатпау және ысытпау керек. Сондай-ақ қышқылды және тұзды тағамдар пластикалық ыдыстың құрамын бұзып, бисфенолдың азыққа араласуына себеп болуда. Қысқа сақтау үшін тосап, қызынақ секілді азық дайындауда да пластикалық ыдыстарды мүлдем жолатпау қажет.

Хикмет...Өте ауыр жүк

Бір күні Шәйх Әбул-Уафа хазретке «Қаламызға осыншама ауыр тасты көтере алатын, өте ауыр жүкті таси алатын бір кісі келіпті» деп айтылады. Сонда Әбул-Уафа хазрет шәкірттеріне мына мағынасы терең жауапты береді: 

«Негізінде сол ауыр жүктерді көтеру оңай, бірақ көп адамға мына дәрет құманын көтеру одан да ауыр келеді» депті.