Бисмиллаһтың қасиеті
Сұрақ: Бисмиллаһтың қасиеті қандай?
Жауап: Ең алғаш жазылған жазу Бисмиллаһ. Адам алейһиссаламға алғаш келген уахи Бисмиллаһ. Мүминдер Бисмиллаһтың жәрдемімен Сырат көпірінен өтеді. Жәннат шақыруының қолтаңбасы Бисмиллаһ.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ұстазы балаға Бисмиллаһты (яғни «Бисмиллаһир рахманир рахим» сөзін) оқыса, бала да қайталаса, Аллаһу та’ала баланың, оның ата-анасының және ұстазының тозаққа кірмеуі үшін құжат жаздырады». (С.Әбәдия).
«Құран кәрімнің кілті – Бисмиллаһ». (С.Әбәдия).
«Бисмиллаһ – бүкіл кітаптардың кілті». (Хатиб).
«Бисмиллаһпен желінген тамақ берекетті болады». (Ибн Мажа).
«Бисмиллаһпен басталмаған әрбір маңызды іс нұқсан болып қалады». (Бәйһақи).
«Үйге кірерде Бисмиллаһ айтылса, шайтан «Бұл үйге кіруіме мүмкіндік жоқ» деп бұрылып кетіп қалады». (Тибян).
«Амал дәптерінде жеті жүз Бисмиллаһ бар адамды Аллаһу та’ала тозақтан шығарады». (Тәрғиб-ус салат).
«Бисмиллаһпен жазу жазған адамның қажеттіліктеріне жету оңай болады, Аллаһу та’ала да разы болады». (Дәйләми).
«Ісін Бисмиллаһпен бастаған адамның күнәлары кешіріледі». (И.Рафии).
«Тамақтануды Бисмиллаһпен бастап, соңында Әлхамдулиллаһ деген адамның әлі дастарханнан тұрмай-ақ күнәлары кешіріледі». (Табарани).
«Қиыншылыққа түскен адам «Бисмиллаһир рахманир рахим уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм» десе, әртүрлі қиыншылықтардан құтылады». (Дәйләми).