Untitled Document

Ғибрат... Ғылымның негізі

Бір сахаба келіп, пайғамбарымыздан сұрайды:

– Йеменге барған адамдарымыз ол жерде құрма ағаштарын басқаша егетінін және көп құрма алатынын көрдік. Біз мұнда ағаштарды ата-бабаларымыздан қалған әдіспен егейік пе, әлде Йеменде көргеніміздей етіп егейік пе?

– Тәжірибе жасап, сынап көріңдер. Біразын ата-бабаларыңнан қалған тәсілмен, біразын йемендік әдіспен егіп көріңдер. Қайсы жақсы құрма берсе, әрдайым сол әдісті қолданыңдар, – деп жауап берген екен пайғамбарымыз.

Яғни дүниелік жұмыстарда іздену және зерттеулерде ғылымның негізі болған тәжірибеге сүйенуді бұйырды. Өзі білгісі келген нәрселер керекті жауапты тіке періштеден алатын немесе жүрегіне берілетін. Бірақ әлемнің барлық жерінде қияметке дейін барлық мұсылмандардың дүниелік істерінде тәжірибе мен ғылымға сүйенулерін қалады.

Ысырап

Сұрақ: Ысырап деген не?

Жауап: Ысырап (исраф) мал-мүлікті діни тұрғыдан және адамгершілік тұрғысынан дұрыс болмаған жерлерге жұмсау деген сөз. Адамгершілік – пайдалы болу, жақсылық жасау дегенді білдіреді. Дінге сай болмаған ысырап харам болып табылады. Адамгершілікке сай болмаған ысырап тәнзиһән мәкрух.

Ысырап мал-мүлікті жою, зая кетіру, пайдасыз күйге түсіру, рәсуа ету, дінге және дүниеге пайдалы болмайтын түрде жұмсау деген сөз.

Хадис шәрифте: «Үнемдеген адам байиды, ысырап еткен адам кедейлеседі» делінген. (Бәззар).

Ысырап пен сараңдықтың ортасына үнемділік немесе жомарттық делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үнемдеген адам қиыншылық көрмейді». (Табарани).

«Құтқаратын үш нәрсенің бірі – бар кезде де, жоқ кезде де, байлықта да, кедейлікте де үнемдеушілік». (Бәйһақи).

«Үнемдеу – тіршіліктің жартысы». (Хатиб).

«Үнемдеп жарату – күн көрістің жартысы». (Дәйләми).

«Күн көрісте үнемдеу – пайғамбарлықтың жиырмадан бірі». (Әбу Дауд).